Сенбі, 23 Қараша 2024
3280 0 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 15:03

Президент Мюнхен конференциясына барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

-Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады,- деп жазды ол.

Германияда қауіпсіздік конференциясы 1962 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқы 30 жылда форумға НАТО мемлекеттерінің әскери және саяси көшбасшылары, саясаттанушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. 90-шы жылдардан бастап Ресей мен Шығыс Еуропаның, Қытайдың, Үндістан мен Жапонияның өкілдері конференцияға қатысып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522