Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2290 0 пікір 21 Қыркүйек, 2011 сағат 10:01

Азат Перуашев. Желтоқсан – оқиға емес, көтеріліс!

 

ДАТЫМ БАР!

Біз тарихқа құрметпен қарамасақ, болашағымыз баянды болмайды. Мұны соңғы күндері қоғамдағы әр-түрлі бағыттағы пікір-талас тағы дәлелдеп берді.

Өкінішке қарай, тәуелсіздікті қазақ халқының ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі емес, тағдырдың көктен жіберген тартуы деп түсінетіндер арамызда аз емес.  Мәселен, Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы ой-пікір бірқатар азаматтардың мемлекеттілікті қазақ тарихынан бөлек алып қарайтынын байқатты.

Әрине, Тәуелсіздіктің 20 жылдық кезеңінде жеткен жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Оны дәріптеу керек, насихаттау қажет. Бірақ  тәуелсіздікке қол жеткізу жолында осы далада қаншама батыл қадамдар жасалып, азаттық жолында талай жан құрбан болды.

Қазақ елінде азаттық  жолында ашық күрес те, құрбандық та жетілікті.

Тек XX ғасырда болған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ елінің тәуелсіздікке деген ұмтылысы емес пе!

1931-1933-ші жылдары ашаршылыққа қарсы қазақ даласында 400-ге жуық көтеріліс болды, соған 80 мыңнан астам қазақ азаматтары тікелей қатысқан болатын.

Бостандыққа ұмтылған қазақ халқының соңғы күресі болған Желтоқсан көтерілісіне биыл 25 жыл толады.

 

ДАТЫМ БАР!

Біз тарихқа құрметпен қарамасақ, болашағымыз баянды болмайды. Мұны соңғы күндері қоғамдағы әр-түрлі бағыттағы пікір-талас тағы дәлелдеп берді.

Өкінішке қарай, тәуелсіздікті қазақ халқының ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі емес, тағдырдың көктен жіберген тартуы деп түсінетіндер арамызда аз емес.  Мәселен, Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы ой-пікір бірқатар азаматтардың мемлекеттілікті қазақ тарихынан бөлек алып қарайтынын байқатты.

Әрине, Тәуелсіздіктің 20 жылдық кезеңінде жеткен жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Оны дәріптеу керек, насихаттау қажет. Бірақ  тәуелсіздікке қол жеткізу жолында осы далада қаншама батыл қадамдар жасалып, азаттық жолында талай жан құрбан болды.

Қазақ елінде азаттық  жолында ашық күрес те, құрбандық та жетілікті.

Тек XX ғасырда болған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ елінің тәуелсіздікке деген ұмтылысы емес пе!

1931-1933-ші жылдары ашаршылыққа қарсы қазақ даласында 400-ге жуық көтеріліс болды, соған 80 мыңнан астам қазақ азаматтары тікелей қатысқан болатын.

Бостандыққа ұмтылған қазақ халқының соңғы күресі болған Желтоқсан көтерілісіне биыл 25 жыл толады.

Бірақ, Ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен тұспа-тұс келген Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы мемлекеттік деңгейде өтуі тиіс іс-шаралар тізімінен тыс қалды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік шараларды атап өтумен қатар, ел егемендігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен азаматтарға және сол уақтағы тарихи маңызы зор оқиғаларға құрмет көрсету біздің азаматтық борышымыз.

Ол үшін ең алдымен 1986 жылы алаңға шыққан біздің замандастарымыздың: бойжеткендер мен бозбалалардың алдында бас июіміз қажет.

Сондықтан «Ақ жол» партиясының мұрындық болуымен Желтоқсанның 25 жылдығын атап өту республикалық Қоғамдық Комитеті құрылды. Әрине, барлық міндетті комитет мойнына жүктеу артық болар. Бізге тәуелсіздікті жеткізген Желтоқсан көтерілісін жаппай қоғам болып дәріптеуіміз қажет.

Неліктен?

Себебі ат үстінде жүріп ұлан-ғайыр жерді білектің күші, найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-парасатымен қорғап қалған батыр бабаларымыздың шын мұрагерлері бар екенін дәл осы желтоқсандықтар көрсетті. Кеудемізді мақтаныш сезімге бөлейтін Желтоқсанның басты жеңісі - тоталитаризмнің темір құрсауында қамалған ұлттардың арасында ең алғаш болып ашық қарсылық білдіруі.

Кеңес одағының коммунистік идеологиясына бірінші жебе қадаған қазақтың қайсар ұл-қыздарының ерлігін әлем мойындады.

Сондықтан, яғни, ұлттық мақтанышқа айналғандықтан Желтоқсан көтерілісін лайықты деңгейде атап өту туралы ұсынысты еліміздегі ондаған қоғамдық ұйымдар қызу қолдап жатыр.

Баса айта кететін мәселе, Қоғамдық комитет  партиядан тыс қоғамдық деңгейде жұмыс жүргізетін болады. Комитет жұмысына белсене атсалысуға ықыласты кез келген ұйымға есік ашық.

Менің ойымша, Желтоқсан саяси партияның немесе жекелеген топтардың меншігі я болмаса саяси ұпай жинайтын құралы емес. Желтоқсан - ұлттық мақтанышымыз!

Ол қазақ ұлтын ғана емес, бүкіл қазақстандықтарды бір арнаға тоғыстыратын ортақ саяси құндылыққа айналуы тиіс.

Неге?

Тарих - халықтың жады. Онда мақтаныш пен мұң қатар жүреді. Біз тәуелсіздік тұғырын тек ортақ саяси құндылықтар арқылы бекіте түсеміз.

Әр кездегі ұлттың ұтысын ғана емес, ұтылыстарын да саралап, тағылымды сабақ алу да Тәуелсіздіктің іргесін бекітуге қосқан үлес болмақ.

Желтоқсанның шындығын ешқандай бүкпесіз, бүге-шігесіне дейін ашу, оған саяси әділ баға беру - ол әруақтарға құрмет, қазақтың ар-намысына құрмет, елдігімізге, елге құрмет екендігіне бүкіл қоғам қосылып отыр.

Қоғамдық Комитеттің ұйымдастырушылық отырысына елімізге аты мәлім азаматтар: Сабыр Қасымов - қоғам қайраткері,  Амангелді Айталы - қоғам қайраткері, Сұлтанхан Аққұлұлы - алаштанушы, «Азаттық» радиосының редакторы, Мәмбет Қойгелдиев - Қазақстан тарихшылары қоғамының Президенті, Бейбіт Қойшыбаев - «Әділет» тарихи-ағарту орталығының жетекшісі, Дос Көшім - «Ұлт Тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы, Бейсенғазы Нүкен - «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының жетекшісі,  Айдос Сарым - қоғам қайраткері, сынды азаматтардың қолдауы осы ойымызды дәлелдейді.

Мен   өзімнің атымнан, бүкіл «Ақ жол» партиясының атынан қазақтың марқасқа азаматтарына алғысымды білдіргім келеді.

Қоғамдық Комитет отырысының қорытындысында Комитеттің төрағасы болып, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай тағайындалды.

Өзінің ағалық ықыласын білдіріп, бізге ақыл кеңес беріп қана қоймай, ұжымды қоғам атынан басқаруға келісімін берген осы ақиық ағамызға шын пейілімді білдіргім келеді.

Біз өзіміздің тарихымыздың ақтаңдақтары мен ашық жараларын келешек ұрпаққа ұғындыру және жеткізу мәселесінде саяси көзқарастар мен бағытқа қарамай, ортақ ұстаным жасай білуіміз қажет. Осы азаматтар қазақтың кім екендігін көрсетті.

Мен бұл комитетке барлық саяси партиялар мен ұйымдардың кіруі жөн деп ойлаймын.

Біз бір нәрсені тарих жадына қалтыруымыз қажет, желтоқсаншылар орысқа немесе басқа ұлтқа қарсы алаңға шыққан жоқ. Біздің замандастарымыз тоталитарлық режимге, коммунистік жүйгеге, осы жүйенің қазақтың ұлттық болмысын жаншуына қарсы шықты. Және соның құрбаны болды.

Туған ұлтқа жасалаған саяси террорды неге біз айыптамаймыз?! Бүгінгі коммунистік идеологияны ұстанып отырған партиялар қазақ ұлтының алдында осы құрбандық үшін де жауапты екендігін естен шығармау қажет.

Сондықтан Желтоқсан көтерілісі мен көтеріліске қатысқандардың шынайы саяси бағасын беру қажет.

Біздің ортақ мақсатымыз  - осы!

Алматы қаласында 2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20-жылдығына арналған ескерткіштің ашылуын құптай отырып, жұртшылық оны Желтоқсанға берілген саяси бағаның бастауы деп санады. Осындай ірі шаралардың басқа да қалаларда, облыстарда жалғаспағаны өкінішті-ақ.

Өйткені,  Желтоқсан көтерілісі тек Алматыны қамтымай, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, бұрынғы Целиноград, Петропавл, яғни бүкіл Қазақстанды қамтыды.

Арада 5 жыл өтті, мардымды жұмыстар атқарылмады.

Cонықтан Желтоқсан көтерілісін жаңғырту үшін тек Алматы қаласымен шектелмей, бүкіл облыс орталықтарында ескерткіштер орнатылуы қажет деп санаймын.

Себебі, Желтоқсан көтерілісі ұлттық мемлекеттілікті құру және замандастардың санасы әсері бойынша, дүниенің даму бағытын өзгертен «Прага көктемі» «Будапешт көтерілістері», «Вильнюс көтерілістері» тәрізді халықаралық геосаясат бағытын бұрған аса маңызды тарихи оқиғамен қатар тұр.

Ендігі мәселе Желтоқсанға саяси-құқықтық баға беріліп, бүкіл кеңестік республикалардағы демократиялық үдерістердің дамуына себепші болған тарихи құбылысты көтеріліс деп мойындау әрі оны заңдық тұрғыда бекітіп, көтеріліске қатысушыларды ел Тәуелсіздігіне үлес қосқан батырлар санатына қосу қажет. Азаттық үшін желтоқсандықтардың атой салған  жері, қанын төккен,  қасіретті  де қасиетті жері - Желтоқсан алаңы ұлттық символға айналуы қажет.

Ол жерді көздің қарашығындай қорғау ондағы қанды қырғында шәйіт болған құрбандардың бейнесін жоғалтып алмай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің азаматтық борышымыз.

Желтоқсан көтерілісіне қатынасушыларға қоғам жағынан жан-жақты моральдық қолдау қажет. Өйткені бұл сол кездегі тоталитарлық заманның құрбандары және Желтоқсан көтерілісі қоғамды ажыратуға емес, керісінше бүкіл қоғамды ұйыстырушы фактор ретінде қарастырылуы қажет.

Сондықтан комитет мүшелері келесі басым бағыттарды өзекті деп санайды.

Көтеріліске қатысушылардың айрықша мәртебесін заң жүзінде бекітіп, оларға тиісті әлеуметтік және медициналық көмектер көрсету, құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз ету біздің нақты борышымыз.

Өйткені, тек ресми мәліметтер бойынша, сол кезеңде 5 мың, ал көпшілік есебінше, 30 мыңнан астам қазақтың жас жігіттері мен қыздары  осы көтерілістен әртүрлі  зардап шекті.

Сондықтан, Көтеріліске қатысушылардың тағдырлары жайында шынайы тарихи баға берілген Еске алу кітабын шығару кезек күттірмейтін іс.

Жыл сайын қараша, желтоқсан айларында Қазақстанның барлық оқу орындарында, мекемелерінде, қоғамдық ұйымдар мен ғылыми ортада, әскери бөлімшелерде «Желтоқсан тағылымдары» атты тақырыппен жаппай оқу, сабақтар, пікір-сайыстар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар, көрме т.б. шаралар өткізу қажет.

Бұл күндері мешіттерде көтеріліс құрбандарының рухына бағыштап, құран, дұғалар оқу  - біздің міндет.

Қазақстан тарихы оқулықтарында Желтоқсан көтерілісіне айрықша мән беріліп, оның тарихтағы лайықты орнын қамтамасыз ету.

Ұрпақ қарызы деген ұғым бар.

Желтоқсандықтар   сол кездегі  ерлігі үшін, бүгінгі өмірде өзінің лайықты орнын таба алмады, оларды оқудан шығарды, сабап, зорлық-зомбылық жасап мүгедек етті, жұмыстан қуды, түрмеге жапты.

Бірақ олар осы тағдыр тәлкегіне шыдады.

Бұл  олардың біздің тәуелсіздікке қосқан нақты үлесі.

Олардың бұл өшпес үлесін бағалап қана қоймай, сол  ұрпақ қарызын біз қайтаруымыз қажет. Бұл біздің азаматтық борышымыз.

Сонымен іске сәт!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480