Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2094 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 08:38

Үкімет 2008 жылы Түркменстан мен Ресей алдындағы қарызын жеткілікті заңды негізсіз өтеді – есеп комитеті

Астана. 23 маусым. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан үкіметі 2008 жылы Түркменстан мен Ресей алдындағы 4 млрд теңге көлеміндегі қарызын жеткілікті заңды негізсіз өтеді, деп хабарлады есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев.

«Үкіметтің басқа мемлекеттердің алдындағы қарыздарын әдепті түрде өтейтіні, бірақ олардың негізділігі мен шынайылығын ақырына дейін анықтамайтыны түсініксіз. Мысалы, Түркменстан мен Ресей елдерінің алдындағы 4 млрд теңге көлеміндегі қарыз заңгерлік тексерусіз жабылған», - деп мәлім етті ол парламент палаталарының бірлескен отырысында 2008 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін баяндау барысында. 

Ведомство басшысы осы заңсыз төлемдерге қатысты нақты мәліметтерді айтқан жоқ.

О. Өксікбаев атап көрсеткендей, үкімет «еліміздің экономикалық мүдделері қорғалып, бюджет толықтырылатын келісімдерге мониторинг жүргізбейді».

«Мысалы, бюджеттік несиені ақырғы алушы «Батысқазақстандық таратушы электр желілік компаниясы» АҚ болған 1998 – 1999 жылдары Ресейден Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына жеткізілген электр энергиясы үшін  2,5 млрд теңге қарызды өтеу бюджет кодексінің нормаларына қайшы келген», - деп атап көрсетті есеп комитетінің төрағасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525