Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 5658 10 пікір 25 Ақпан, 2020 сағат 12:53

Қазақстаннан 27 триллион теңге шетелге шығарылған

Қазақстанның Қаржы министрлігі, қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков елімізден 27 триллион теңге шетелге шығарылғанын айтыпты.

Лесбековтің мәліметінше, 27 триллион теңгенің шамамен 10 триллионы Ұлыбритания мен Ресейге аударылған.

- Қазіргі таңда базамыздағы мәліметке сәйкес, бізге 1 миллион 643 мың 320 хабарлама түсті. Нәтижесінде жалпы сомасы 27 триллион теңге елден шығарылған. Бұл ақшаның 80 пайызы 5 елге: Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Швейцария, АҚШ-қа аударылған. Ал Ұлыбритания, Ресей бірінші орында тұр. Бұл мемлекеттерге 27 триллион теңгенің шамамен 10 триллион теңгесі аударылған,- депті Ғабит Лесбеков.

Ал, өткен аптада LS сайты 2019 жылы Қазақстаннан 655 млрд. теңгеден астам қаражат сыртқа шығарылғанын жазды.

LS мәліметінше, Қазақстанның шет елдерге жіберген ақшасы бір жыл ішінде 9%-ға өскен. Ал, ақшаның басым бөлігі Ресей мен Өзбекстанға аударылған көрінеді.

Ұлттық банк бұл аударымның 2018 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға көп екенін айтты.

2019 жылы Қазақстан қай елдерге қанша қаражат аударды?

Ресейге - 208 миллиард.теңге

Өзбекстанға - 139 миллиард.теңге

Түркияға - 93,4 миллиард.теңге

Қырғызстан -87,2 миллиард.теңге.

Қытайға 35,5 - миллиард теңге

Украинаға - 10,7 миллиард теңге

Арменияға - 9,4 миллиард теңге аударылған.

Сонымен бірге, 2019 жылы Қазақстанға басқа елдерден 342 миллиард теңгеден астам қаражат келген.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320