Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3577 0 пікір 25 Ақпан, 2020 сағат 14:12

Cаяси мәдениетіміз өскен ұлтпыз десек Парламенттік басқаруға көшейік

1923 жылы Ататүрік реформасына кедергі келтіре берген заң шығару органын таратып, жаңа Парламентті құрады. Ататүрік өзі таңдап алған адамдар ғана өткен СНP партиясы жеңіске жетіп, барлық реформаны белсенді өткізеді.

1946 жылы екінші президент Исмет Инони АҚШ қысымымен оппозициялық партия құрады. Бірақ сайлауда бәрібір билік жеңіске жетеді. Алайда 1950 жылы оппозиция жеңіп, Ататүріктің СНР партиясы бұдан әрмен ешқашан тек басына билікке келе алмайды. 1950-2000 жылдар арасы Түркияда хаос, әскери төңкеріс, коалициялық үкімет құрылған берекетсіз заман орнайды. Даму жоқ, бірақ елдің бәрі демократияны аузынан тастамаған дәуір 50 жылға созылады.1990 жылдары ақшаның құнсызданғаны соншалық 1 миллион лираға қоғамдық әжетханаға кіретін заман да бастарынан өтеді. Есесіне елде демократия орнайды. Сайлауда ешбір партия толық басымдықты ала алмай, коалициялық үкімет бірінен кейін бірі алмасып жатты.

Түкеңдердің көзі 2002 жылы "Ақ партия" келіп, билікті толық өз қолына алғанда ашылды. Әр сайлау сайын күшейе берген билік, экономиканы да ілгерілетті. Бірақ, осы жерден екінші проблема шықты. Қазір халық қайтадан демократияны сұрай бастады. Қарап отырсаң қызық саяси тарих.

Бізге де өз жолымызды қалыптастыру керек. Тек, демократия деп соңы 50 жыл дауласып өтетін заманға кетпейтін, менталитетімізге сай жолды таңдауға тиіспіз. Абай 1 ғасыр бұрын қазақты басқару үшін адам бай болуы керектігін, билігі мықты болудың өзектілігін айтып кеткен. Егер біз байлық пен билігіне қарамайтын, ақылдының сөзін тыңдайтын, саяси мәдениетіміз өскен ұлтпыз десек Парламенттік басқаруға көшейік. Ал, оған күмәніміз болса президенттік басқару формасын қалдырып, тек оның ауыспалы әрі тежемелі форматқа енуін қарастыру керек. Өзіміздің деңгейімізге қарап, "Біз қазақ кімбіз?" деген сұрақты қойып барып саяси реформаны іске асыру өте маңызды.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5319