Сейсенбі, 26 Қараша 2024
4294 6 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 11:52

Қаржы пирамидалары бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды

Қаржы пирамидалары: 9 адам халықаралық іздеулер тізіміне алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу бөлімінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

-Қазір 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл іс «Ломбард 24», «Эстейт Ломбард» және «Пайдалы несиеге» сияқты үш қаржылық пирамидаға қатысты,- деді ол 25 ақпанда өткен үкімет отырысында.

Iшкi iстер министрлiгiнiң мәлiметi бойынша келтiрiлген залал сомасы 5 миллиард теңгеден асады. Бұл қаражатты күдіктілердің мүлкін іздеу арқылы қайтарылмақ.

Әділовтың айтуынша, бүгінде тергеу органдары «кінәлілерді тез және толық әшкерелеумен қатар, мүлікті, оның ішінде ұрланған ақшаны анықтау шаралары қабылдануда.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1532
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5987