Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4335 4 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 12:02

Қауіпті вирус қарқындап тұр, сақтану аса маңызды

Коронавирус өте қатты жылдамдықпен тарауда, тіпті ғалымдар "Бүкіл адамзаттың 70%-ы бұл дертті жұқтырады" деп қорқытуда. Қазір шығыстағы көршіден, батыстағы көршіге дейін қауіпті аймаққа айналды. Сандарды сөйлетсек, бүгінге дейін бұл вирус әлемнің 36 елінде ресми тіркелді. Жұқтырған адам саны 81 230 адам. Қайтыс болған адам саны 2769, сауығып шыққан адам саны 30260. Ең ауыры, вирус ошағы - Қытай. Жұқтырған адам саны 78 000, қайтыс болғандар саны 2715 адам дейді ресми санақ. Бірақ, бірден айту керек, Қытайдың ресми таратқан цифры ешқашан шын болған емес, ол елдегі адамдардың өзі бұл цифрлардың әлде неше он есе кемітілген ақпарат екеніне күмән келтірмейді.

Ең қорқыныштысы - бұл вирустың өзге елдегі қарқынының да ушығуы, Қытайдан кейін ең ауыр ел - Иранда 19 адам, одан кейін Оңтүстік Корея 12, Италияда 11 адам қайтыс болды. Солтүстік көршіміз Ресейде 2 адам жұқтырған, екеуі де аман.

Күннен күнге емделіп шыққандар саны көбеюде, бірақ, таралуы тез. Бізге жетпеуіне барлық сақтықты күшейту керек. Өте көп адам топтасып той жасау секілді шараларға тыйым салу, азық-түлікті қатаң тексеруге алу аса маңызды. Шеттен азық-түлік кіргізуге тіпті болмайды. Осыған дейін осы вирусқа сақтыққа бөлінген екі миллиард теңге таусылғаны туралы айтылды. Әрине, мұндай вирусты зерттеу және сақтану үшін екі миллиард теңге жыртыққа жамау болмасы анық. Бірақ, бізде "топалаңда тоқаш ұрлау" жолы жақсы дамыған, осы істі желеу етіп, ақша жымқыруға жол бермеу керек.

А, топалаңда тоқаш ұрлау демекші, вирустың әсерінен Қытай елі бір айдан астам бүкіл жұмысты тоқтатып, бүкіл халықты үйінде, пәтерінде, ауласында қамап ұстап отыр, бұл Қытайдың ішкі өндірісін, айналымын күйретті. Зат бағасы өте жоғары дәрежеде көтерілген. Вирустан сақтанған әлемнің біраз елі, Қытаймен ара-қатынасын уақытша үзді. Қытайдан тауар кіргізуді тоқтатты. Дәл осы істі, Қытаймен бәсекелес елдер өз пайдасына жаратып жатыр. Түркия, Өзбекстан елдері өзінің тауар экспортын соңғы айда 2-3 есеге көтеріп отыр. Біз ше, біз де Қытаймен бәсекелес, экспортқа шығаратын тауар бар ма еді? Ол әрине сұрақ!

Аятжан Ахметжанұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321