Журналистердің назарына! Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистік сыйлыққа үмiткерлердiң құжаттары мен мақалаларын қабылдау басталды
Хабарландыру
Хабарландыру
«Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» журналистика және саяси публицистика саласындағы 2009 жылғы таңдаулы жұмыстар үшiн Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлыққа үмiткерлердiң құжаттары мен мақалаларын қабылдауды бастағанын хабарлайды. Сыйлық саны екеу: 2009 жылғы қазақ баспасөзiндегi және орыс баспасөзiндегi ең үздiк жұмысқа берiледi.
Биылғы жылғы сыйлықты алуға басылымдар мен интернет-ақпарат құралдарында 2008 жылдың 1 қыркүйегiнен 2009 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн жарық көрген жұмыстар жiберiледi. Үмiткерлердiң жасы 40-тан аспауы шарт.
Сыйлыққа ұсынылған жұмыстар мазмұны қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, мәдени және әлеуметтiк дамуының әртүрлi қырлары мен бағыттарын қамтығаны жөн.
Мақалалар 2009 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн қабылданады.
Жеңiмпаздарға сыйлық иегерiнiң құрмет дипломдары және әрқайсысына 5000 евро көлемiнде ақшалай сыйлық берiледi.
Сыйлық жайындағы ережемен қордың info@altynbek.kz сайтынан танысуға болады. Қосымша ақпаратты 87012441569 телефонынан бiле аласыздар.
Қысқаша мәлімет:
2007 ж. аталмыш сыйлықтың иегерлері: «Жас Алаш» газетінің шолушысы Жұлдыз Әбділда және «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева.
2008 ж. сыйлық иегерлері: «Азаттық» радиосының бас редакторы, жазушы Амангелді Кеңшілікұлы және «Время» газетінің шолушысы Геннадий Бендицкий.
«Абай-информ»