Жұма, 22 Қараша 2024
3052 1 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 12:55

Қазақстан 1 наурыздан бастап Иранмен әуе қатынасын тоқтатады

Қазақстан 1 наурыздан бастап Иранмен әуе қатынасты тоқтатып, Оңтүстік Кореяға рейстер санын шектейді. Себебі, аталған елдерде коронавирус кең тарап жатыр деп мәлімдеді бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин 26 ақпанда Нұр-Сұлтанда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.

Бекшиннің сөздерінше, Оңтүстік Кореяға рейстер саны аптасына тоғыздан үшке дейін қысқарады. "1 наурызға дейін азаматтарға елге қайтуға мүмкіндік береміз", - деді ол.

"Иранмен жағдай жеңіл. Онда шамамен 170 азаматымыз бар. Олар да 1 наурызға дейін қайтуы тиіс. Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Оман секілді елдер қазір Иранмен әуе қатынасын үзді", - деді бас дәрігер.

Ақпан айының басында Қазақстан Қытаймен шекараны жауып, әуе рейстерін тоқтатты.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Коронавирус індеті әлемнің 30 еліне тарады. Вирусты жұқтырып жатқандардың дені Қытайда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем әзрге бұл індетпен қарсы күресуге дайын емес деп мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303