Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3006 0 пікір 27 Қыркүйек, 2011 сағат 08:59

Талап «тармақты» алып тастауға тіреліп тұр

Алматы қаласында 2-нші қазанда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өтпек. Осыған орай «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов бастаған бір топ азамат баспасөз мәслихатын өткізді. Алайда, бұл жиынға екі тілде бірдей хабар тарататын кейбір арналар мен «Республика» газетінен басқа орыстілді баспасөз өкілдері келмеді.

Сонымен:

Мұхтар Шаханов:

- Қазақ халқына, билікке, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдеріне арнап жасаған үндеуіміз қоғамда үлкен талқыға түсті. Біз, Қазақстанда тұратын өзге этностардың тіліне, мәдениетіне оның өсіп- өркендеуіне ешқандай қарсылығымыз жоқ. Біз тек мемлекеттік тіл - қазақ тілі өзінің заңды мәртебесін иеленуі қажет деп білеміз. Ашық хатта «Орыс тілінің мемлекеттік тілмен қатар қолданылады» деген Ата заңдағы  7-баптың  екінші тармағын алынып тасталуы керек деп айтқанбыз. Бұл  - орыс тіліне қарсылық емес. Керісінше, қазақ тілінің заңды тұғырына қонуына жасалатын құқықтық қадам.

Ашық хатқа 138 адам қол қойған. Соның бес-алтауы бас тартты. Бірақ олар қоғам тарапынан сазайларын алды. Күні бүгінге дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен қоңырау шалып, хат жазып, хабарласып, ашық хатты толық қолдайтындарын білдіріп жатқан азаматтардың санында есеп жоқ.

Туған тіліміздің Ата заңда көрсетілген мемлекеттік тіл мәртебесін толық иеленуі үшін соны биліктен талап етіп, ана тіліміздің тағдырына араша түсуге баршаңызды шақырамын. 2-нші қазан күні «Сарыарқа» кинотеатырының артындағы саябақта (Алматы қаласы, Әуезов ауданы. - ред) өтетін «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына келіп, қолдау көрсетіңіздер!

Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан атындағы қордың төрағасы:

- Мен өз сөзімді өзге ұлт өкілдеріне арнағым келіп отыр. Тілге байланысты көптеген халықаралық пактілерді, заңдарды әртүрлі мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне байланысты ұстанып отырған саясаттарын қарап шықтым. Мысалы, осындағы орыс диаспорасының  тарихи отаны Ресейде, сондай-ақ,  Кореяда, Әзербайжанда, Арменияда, Грузияда, Израилде тағы басқа елдерде мемлекеттік тілге қатысты қатаң тәртіптер, заңнамалық тетіктер бар. Бұл елдерде мемлекеттік тіл - бір-ақ тіл.

Сондықтан Қазақстанда қазақ тілінің мәселесі өткір қойылуы заңды. Қоғамның, ұлт зиялыларының қазақ тіліне қатысты жасаған үндеуі өте орынды. Оны толықтай қолдаймыз.

Қалалық қазақтарға айтарым: Ақтан Төкіштің «Мәңгүртстан» атты шығармасы бар. Соның орысша нұсқасын оқыңыздар. Сонда көп нәрсеге көздеріңіз ашылатын шығар деп үміттенемін.

«Республика» газетінің тілшісі қойған:  Ата Заңның 7-бабындағы  «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады» деген екінші тармақша алынып тасталған күнде Қазақстандағы барша жұрт қазақша сөйлеп кете ме?» деген сауалға баспасөз мәслихатын өткізіп отырған мырзалар, егер ол талап орындалса, қазақ тілінің кеңістігі кеңейіп, мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтардың қатары молаятына сенімді екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан «Руханият жасылдар» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбетәлин, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхаммедов, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі Дәурен Бабамұраттар да ашық хатта айтылған талаптарды  қолдайтындарын жеткізді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373