Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4594 6 пікір 3 Наурыз, 2020 сағат 13:21

Президенттің дүнген жастарына айтқанын қолдаймын

Зиялы, мәдениетті адамның өзі де көпке жұғымды, сөзі де сыпайы боп келеді екен ғой. Мемлекет басшысын айтамын да...

Қордайға барған сапарында Президент Тоқаев дүнген жастарын байтақ Қазақ жерінің кеңдігін сезініп, жаңа келбетін тануға шақырды. Президенттің бұл сөзін өз басым әбден қолдаймын.

Өткенде Масаншы ауылына барғанымда байқадым, дүнгендер екі үш ауылға тығыз топтасып отыр екен. Және өздерін ортада оқшау сезінетін сияқты. Мұндай оқшаулық қандай қауымды болмасын қоғамның, заманның игілігінен тыс ұстап, шеттете береді. Қала берді төңірегімен қалыпты қарым қатынасқа жібермейді. Әйтпесе, былай, дүнгендердің тұрмысы жақсы көрінді. Жылыжайлар салып тастаған. Құнарлы жерлерді алған. Биік, зәулім үйлер тұрғызған. Мініп жүрген көліктері де жаңа, сәнді. Табиғи өсімдері де кісі қызығарлықтай. Үлкендер жағы тегіс қазақша біледі. Бірақ орта жастағылар мен кейінгі буын қазақ тілінен мақұрым. Өйткені олар Масаншы мен Сортөбеде ашылған орыс мектептерінде оқыған.

Өкінішке қарай, ширек ғасыр дүнген ауылдарындағы ахуал бақылаусыз бетіне кеткен. Соның ақырғы "нәтижесі" 7 ақпан оқиғасына ұласты. Бірақ, ештен кеш жақсы.

Дүнгендер - жер емген ел. Диханшы. Олардың диханшылығын ортақ іске жаратуымыз керек. Дүнген жастары расымен еліміздің Солтүстік облыстары мен Шығысына барсын, диханшылық кәсіптерін дамытсын. Бұдан артық мемлекет дүнген диаспорасына не істеу керек? Осы мүмкіндікті олардың дұрыс пайдаланғаны абзал.

Дәурен Қуаттың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371