Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3831 12 пікір 4 Наурыз, 2020 сағат 18:14

Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылған

ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп елімізде Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылғанын айтты. 

Министрлік мәліметіне сәйкес, 6 қаңтар мен 1 наурыз аралығында Қазақстанға Қытайдан 32 456 адам келген, деп жазады tengrinews.kz сайты.

Картинки по запросу "диас ахметшарип"

"Келгендерде вирус деңгейі жоғары. Олар 1 "а" категориясына жататындар, яғни ҚХР мен Иран елдерінен келгендер. 2020 жылдың 20 ақпан - 4 наурыз аралығында Қытайдан келген барлығы 315 адам оқшауланды. Олардың 64-і - Қазақстан азаматтары. 251 шетелдік бар, олардың 248-і - Қытай азаматтары. Ираннан 24 адам келді. Олардың 9-ы - қазақстандық, 15-і - Ираннан келгендер", - деді Диас Ахметшәріп.

Сондай-ақ, 63 адам коронавирусқа тексерілген, бірақ оларда вирус анықталмаған.

Ал, бүгін Nege.kz сайты карантинге жатқызылған қытай азаматтары бюджет есебінен емделетінін жазды. Сайт мәліметіне сәйкес, аталған жайтқа Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жауап берген:

- Кеше 12 адам карантиннен шықса, соның 10-ы – қытай азаматтары. Оларды елдің ішіне жіберсек не болады? Иә, оларға қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тарапынан төленуде.

Қазір әр адамға кеткен шығын есептеліп жатыр. Сол тарифтің көлемінде шығынын анықтаймыз. Бұл қаржы республикалық бюджет есебінен төленеді. Шетелден келгендер миллиардер не кедей болса да, карантинде жатқызамыз. Егер басқа аурумен ауырса, ақшасын аламыз. Ал қолында анықтамасы бар азаматтар денсаулығының жақсы екеніне сенімді. Бізге келсе, қабылдауға міндеттіміз. Тағы айтам, олар коронавирустан таза, – деді Әбілдаев.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін министрлік тарапынан аталған вирусқа қатысты қауіп жоқ екені айтылған. Алайда, мамандар сақтық шараларын күшейту керектігін ескертеді.

Олардың айтуынша, күнделікті екі рет дене қызуын тексеріп, бөлмені желдетіп, гигиена сақтау қажет. Сондай-ақ, дәрігерлер дене қызуы көтеріліп, жөтел болған жағдайда бірден жедел жәрдем шақыруға керегін айтады.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377