Құндыз ЕРАЛИЕВА. Театр отандық туындыларға зәру
Қай заманда болсын театрдың мақсаты біреу – адамзаттың арман-мұратын, өткені мен бүгінін бүкпесіз ашық та айқын, әсерлі көрсету. Әсіресе, қазіргі таңда театр мәселесі көп ай¬ты¬лады. Олай болуы заңды да. Ұрпақ сабақтастығын жалғайтын, адами құндылықтарды дәріптейтін киелі ошақ театрдың орны қашанда маңызды. Рас, кейде “ХХІ ғасырда театрдың қажеті не, бар дүниені үйде отырып-ақ кө¬руге болады ғой”, деген жаңсақ пікірді құлағымыз шалып жатады. Алайда, театр бар жерде көрермен бола бермек.
Өнер ұлтқа, тілге, дінге бөлін¬бейді. Ол адамзатқа ортақ асыл қазына. Қазақстандағы барлық театрлардың мәселесі ортақ. Олар¬дың бастылары – театрдың тірегі саналатын репертуар толық¬тыру қойылатын жаңа шығарма¬лардың аздығы, театрға көрермен тарту жайы, әртістерге берілетін жалақының мардымсыздығы, режиссерлердің жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселелер.
Соған қарамастан, қазіргі театрларда өз бетінше ізденіс бай¬қалады. Астана қаласы, М.Горкий атындағы орыс драма театрында өткен “М.Горкий атындағы драма театрын елорда өміріндегі рөлі” атты дөңгелек үстел осының айқын дәлелі.

Жиынға театр директоры Еркін Хасенов, ҚР еңбек сіңірген әртісі, театр режиссері Бекболат Парма¬нов, ҚР еңбек сіңірген әртісі На¬талья Косенко мен Людмила Крюч¬кова, еліміздің мәдениет және өнер саласының танымал тұлға¬лары, сондай-ақ саяси ғылымдар¬дың докторы, профессор Камал Бұрханов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Мұрат Ерға¬лиев қатысты.
Жиында ұжымның келер жылғы жоспары, театрда отандық драматургтер шығармаларының сахналану мәселесі, сондай-ақ, “Семей-Невада” қозғалысы сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толуына орай театрдың “Ядролық қаруға қарсы бағдарламаға” қа¬тысуы турасындағы мәселелер талқыға түсіп, оған бір топ театр саласының мамандары өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Театр директоры Еркін Тілеуғазыұлы өз сөзін 108-маусымның жабылуына қатысты бастай келе: “Жыл бойы Горький атындағы орыс драма театрында елеулі жаңа¬лықтар мол болды. Маусым биыл жеті премьера өткізді. Ұжым репертуары В.Сигаревтің “Семья Вурдалака”, В.Илюхованың “Вол¬шеᬬные яб¬ло¬ки” атты ертегісі, Н.Птуш¬ки¬наның “Браво, Лауренсия!...” комедиясы, А.Цагарелидің “Ханумасы”, Р.Отар¬баевтың “Сұлтан Бейбарысы” және басқа да қойылым¬дар¬мен толықты. Ал келесі мау¬сымда бұл театрда Ш.Айтматовтың “Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет”, К.Абэнің “Құмдағы әйел”, И.Хисасидің “Әкемен өт¬кен өмір”, Н.Коля¬дидің “Америка Ресейге пароход сыйлады” сынды танымал туындылар сахналанбақ, – деді.
Дөңгелек үстел барысында талқыланған мәселелердің дені репертуарға қатысты болды. Нақтырақ айтқанда, қазақы сипаттағы қойылымдардың орыс тіліндегі аудармасының болмауы, мәдениет саласына бөлінген қар¬жының театр¬дың өсіп-өркендеуіне жұм¬сал¬мауы әңгіме өзегіне айналды.
Құндыз ЕРАЛИЕВА, ЕҰУ студенті.
«Егемен Қазақстан» газеті 23 маусым 2009 жыл