Мәскеудің гайд-паркіне жиналғандар "8 наурызды дұрыс атап өтеміз" деген ұранмен шыққан. Акцияға жүздеген адам жиналып, әйелдерді кемсітуге, сексизмге, тұрмыстық зорлыққа және әлімжеттікке қарсы сөз сөйлеп, апалы-сіңлілі Хачатуряндар мен Юлия Цветкованы босатуды талап етті. Сонымен бірге ЛГБТ ізіне түсуді доғаруды талап етті.
Куәгерлер митинг болған алаңды темірмен қоршап, ішіне тек тексеріліп кіргізгенін айтады. Екі жүзге жуық адам арнайы құрылғыдан тексеріліп өту үшін кезекте тұрған. Бұл біраз уақыт алған.
Акцияға сонымен бірге Кремльді қолдайтын "НОД" ұйымы да барған. Бірақ кейін қайтып кеткен.
Санкт-Петербургте "Восьмая инициативная группа" қозғалысы да пикет өткізді. Акцияға қатысушылар "Өзіңді сүю – бұл революция", "Зорлық – отбасылық құндылық емес", "Әйел саяси тұтқындарға бостандық" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды.
Акция сонымен бірге Новосибирск, Красноярск және Тюмень қалаларында да өтті.
Abai.kz