Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2595 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 19:33

Жаңа толқын және зиялылар

Бүгінде қазақ зиялысының талқыдағы тақырыбы - жаһандану үрдісіндегі таразы басында қалған ұлт құндылығы. Шынтуайтын айтсақ, Интернеттің толы анайы сайттары, кабельді TV мен өзге елдің газет-журналы арқылы глобалды көрпенің теріс жағын жамылып отырған еліміз үшін бұл түсінікті жағдай. Тек биылғы жылдың басында ғана солшыл бағытты шетелдік ағынға тұсау саламыз деп Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жар салып, Парламентте бірнеше заң жобасын таныстырды. Суға кетіп, тал қармамақшы күйімізге қарап, тіл, дін, діл деп жанұратын күннің көкесін әлі алда көретін сияқтымыз.

Бүгінде қазақ зиялысының талқыдағы тақырыбы - жаһандану үрдісіндегі таразы басында қалған ұлт құндылығы. Шынтуайтын айтсақ, Интернеттің толы анайы сайттары, кабельді TV мен өзге елдің газет-журналы арқылы глобалды көрпенің теріс жағын жамылып отырған еліміз үшін бұл түсінікті жағдай. Тек биылғы жылдың басында ғана солшыл бағытты шетелдік ағынға тұсау саламыз деп Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жар салып, Парламентте бірнеше заң жобасын таныстырды. Суға кетіп, тал қармамақшы күйімізге қарап, тіл, дін, діл деп жанұратын күннің көкесін әлі алда көретін сияқтымыз.

Келер күннің аужайын бақсаңыз, қазақ кімге арқа сүйемекші деген сауал сізді де түртіп өтер. Өткенге үңілсеңіз, Ахмет, Міржақып, Әлихандардың тар жол, тайғақ кешудегі қарекетіне таңқаласыз. Әрине, ол күрестің бұралаң өз сүрлеуі бар еді. Сондықтан, оларға таңырқау - заңдылық. Ал бүгінгі күннің төндірген өз қауіпі бар, ол - идеалогиялық интервенция. Ал онымен кім күреспекші, қазіргі зиялылар кімдер, ондай атқа лайықтылар бар ма екен, жалпы зиялы деген сөзді қалай түсінеміз соған тоқталсақ. Мұстафа Шоқай: «Белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп атауға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады»,-деген еді. Біздің қоғамда зиялы деп көбінесе қаламды серік еткен ақын-жазушыларымызды, қала берді кей ғалымдарымызды атайды. Мақаланың айтпағынан адастырмас үшін алысқа шаппай-ақ, өз өлкеміздің «қаймақтарын» сүзсек. Қай жақсының болмасын қадір-қасиетін салыстыру арқылы бажайлайтынымыз - үйреншікті әдет. Ендеше, ары қарай былай тарқаталық. Бүгінгі қазақстандық қоғам ұлттық зиялылар мен еліміздегі диаспоралардың зиялы өкілдері сияқты екі жікті тудырып отыр. Бұл үрдіс, әсіресе, еліміздің солтүстігінде, біздің Кереку жерінде айқын байқалуда. Мәселен, Павлодар атауын өзгертуге байланысты үлкен текетірестің туғаны, біршама мазмұны қорлайтын мақалалардың шыққандығын білеміз. Ал оған қазақ интеллигенциясының тарапынан тұтымды жауап берілмеді. Неге дейтін шығарсыз? Себебі, біздің аға-апаларымыздың арасында бірлік деген атымен жоқ. Ал бірлік жоқ жерде тірлігің қайдан болсын. Оның үстіне істері сұйық, арызқой, жалғанұран ағаларымыз көбейіп кетті. Жастарға бағыт-бағдар болудың орнына, біздің зиялылар күш-жігерінің көбін бір-бірін мұқатуға жұмсайтын сияқты. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Қазақстандағы екінші бір зиялылар түрі өзге ұлт интеллигенттері бар. Олар енді барынша бейімделгіш, иілгіш болып келеді. Керегінде жақтай да алатын, даттай да алатын, бірақ айласымен екі орайтын ақсақалдар. Қазақстанның тәуелсіздігін әлі де мойындамайтын сыңайы барлар. Ал олардың қазақ ұлтжандыларымен күресінде асықтары қалайда әрдайым алшысынан түсіп отырады. Көшеге қазақша атау берілетін болса, дау шығарады, силастықпен салып берген «Достық үйіне» өзгелермен тең болып көшкісі келмесе, тағы да ойбайлайды. Биін билетіп, әнін айтқызып, төріне шығарып отырған қонақжай халыққа қайтарымы жоқ. Өзгелер басымызға әңгіртаяғын ойнатып отырғанда, осы біздің әншейіндегі мықтыларымыз қайда кетті деп ойлайсың. Ал бұдан кейін жаһандану жайлы сөз қозғаудың өзі шамалы сияқты.

Соңғы кездері мән-жайды бақылауында ұстаған адам ұлтжанды жастар ұйымдарының белсенділігін байқауы тиіс. Мәселен, қазірде қаламызда «Ұлан», «Ұлағат», «Толқын» сияқты ұйымдар баршылық. Қатарында біршама мүшесі бар бұл ұйымдардың істері татымды. Әсіресе, «Ұлан» жастарының ұлттық бағыттағы атқарған істерін атап өтуіміз шарт.

Жақында еліміздің белді бір басылымының редакторымен әңгіме құрдым. Ол кісінің айтқан сөздері қалайда санама жатталып-ақ қалыпты. Сондағы айтқаны: «Біз коммунистік шеңберде тәрбиеленген ескіліктің адамдарымыз, сондықтан бізге көп сене берудің де реті жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның  зиялылары біздер емес, жастар, сендерсіңдер». Иә, дәл осылай.

 

 

Қуандық ТАНАБАС

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524