Алматыға кіре берісте 27 блок-бекет орнатылады
Алматыға кіре берісте СОБР және Ұлттық ұлан жауынгерлерімен бірге 27 бақылау-өткізу пункттері құрылады. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Ол коронавирустық пандемияға байланысты Алматыда 19 наурыз сағат 00: 00-ден бастап карантин енгізілетінін айтты.
«Өткізу пункттеріндегі бақылауға патрульдік полиция полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның бөлімшелері жұмылдырылады. Сонымен қатар, қажетті тауарлар, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" жүзеге асырылады», - деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, 19 наурыздан бастап Алматыда карантин кезінде балабақшалар жабылады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, меншік нысандарынан тыс кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшыларын қол жетімді және қашықтықтан жұмыс түріне көшуге шақырды.
Abai.kz