Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2058 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 19:49

Қайыржан ТӨРЕЖАН. Ауласына мина жинап қойыпты

«Алматы облысы Іле ауданындағы Покровка ауылында «Гульжинаби» жекенменшік кәсіпкерлік иелігіндегі ауладан минометтің төрт минасы табылды» деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі минситрліктен.

«Алматы облысы Іле ауданындағы Покровка ауылында «Гульжинаби» жекенменшік кәсіпкерлік иелігіндегі ауладан минометтің төрт минасы табылды» деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі минситрліктен.
Темір-терсек жинап, күнін көріп жүрген жеке кәсіпкер ауласына темір сынықтарын үйіп тастапты. Миналардың қорасына қалай кіріп кеткенін өзі де білмей қалған болуы керек. Әйтпесе басы екеу емес қой, төрт бірдей мина табанының астында жарылса, күлі де қалмас еді ғой. Минаға ұқсас заттар табылғандығы туралы хабарды құтқару қызметіне Ж.Сабыров деген адам хабарлаған. Арнайы мамандар келіп, тексеру барысында бұл нағыз соғыс миналары екендігі анықталған. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің басқарма бастығы полковник Константин Евтушенконың айтуынша, табылған зат «тюльпан» маркалы 240 мм калибрлі фугастық типтес, миноменттің минасы екен. Қорғаныс министрлігінің 61993 әскери бөлімінен келген саперлер миналарды әрі-бері айналдырып көріп, таныған болулары керек, өздерімен бірге алып кетіпті. Құтқару қызметінің хабарларына қарағанда, қала көшелерімен аяқтың астына қарамай, жайбарақат жүру қауіпті. Гранатаны басып кетуіңіз мүмкін. Жұма күні кешкісін Кіші Алматы өзенінің жағалауында таза ауамен тыныстап жүрген сол маңайдың тұрғыны соғыс киноларда көрсететін қол гранатасын аяғының астынан тауып алыпты. Хабар тиісімен жедел жеткен Бостандық ауданының полицейлері «РГД-5 қол гранатасы» деген анықтама жасап, көзін жою үшін алып кетіпті.
Қарауларындағы қаруларына әскерилер ие бола алмай ма, жоқ әлде, арнайы базарларда сатыла ма, кім білсін, әйтеуір бізде жарылғыш заттар өте көп кездеседі. Граната, ұсақ-түйек миналарды былай қойғанда, танк, зеңбірек снарядтарынан бастап авиация бомбасына дейін Қазақстанның кең байтақ жерінен тауып алып, шетелге сатып жіберу мүмкіншілігі тек біздің елдің кәсіпкерлерінде ғана бар. Сондықтан Алматы қаласында ай сайын қол гранатасы табылады десе болады, оған ешкім таңданбайды. Иесіз жатқан от қарулары мен жарылғыш заттар әр облыстан, әр қаладан табылып жатады, бірақ олардың қайдан шығатынын ешкім білмейді. Ол үшін жауапқа тартылып жатқан да ешкім жоқ. Жақында ғана алпыс жастағы павлодарлық кәсіпкер өз офисінде отырып, әңгімелері жараспағандықтан, қонақтарын граната жарып, қуып шықпақ болған. Демек, гранаталар әркімнің қолында жүр деген сөз.

 

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН
«Айқын» газеті 23 маусым 2009 жылы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510