Иран халықаралық бақылаудан толығымен шықты –Пахлави ханзада
Баку. 23 маусым. ҚазТАГ – Қазіргі уақытта Иран халықаралық бақылаудан толығымен шықты. Тақтан тайдырылған Иран шахының ұлы, мұрагер ханзада Реза Пахлави осындай пікірде.
«Иран – жабық ел және соңғы уақытта, Иран үкіметі халықаралық БАҚ қызметіне тыйым салған кезде халықаралық қауымдастық ол жақтан бейтарап ақпарат алып отырған жоқ», - деп мәлім етті Пахлави Trend News АА сұхбат бергенде.
Ислам республикасының тарихында соңғы 30 жылдағы қатты алаңдаушылық Иранда 12 маусымда өткен президенттік сайлаудың нәтижесі жария болған соң туындады. Жеңіліске ұшыраған үміткерлердің бірі - реформатор Мир Хусейн Мусави билікті дауыстарды есептеуде заң бұзушылықтарға барды деп айыптап, халықты наразылық акциясын өткізуге шақырды.
Аталған кезеңде бірқатар халықаралық БАҚ-тың өкілдері ел аумағынан шығарылды, жаңалықтар интернет-сайттарына кіру шектелді.
Пахлавидің пікірінше, мұндай наразылық шаралары қазіргі билік режимін бұрынғыдан бетер агрессивті етеді және қазір Иранда төңкеріс жағдайы қалыптасып отыр.
«Иран өзінің демократиялық жолы мен болашағын табатынына сенемін. Сонымен қатар, мен Иран халқын біз де қолдайтынымызды айтқым келеді», - деді ол.