Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 60 адамның ағзасынан коронавирус табылды: Нұр-Сұлтанда - 31, Алматы қаласында - 25, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбеде - 1.
Өзбекстанда 41 адамнан COVID-19 таблды деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі. Карантинде жатқан төрт адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды делінген ресми мәліметте.
Қырғызстанда, 22 наурыздағы мәлімет бойынша, 14 адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың сегізі Жалал-Абад облысы Созақ ауданында тұрады.
Әлемде 308 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 13 мыңнан астам адам осы вирустан қаза тапты. Шамамен 96 мың адам аурудан айықты.
Abai.kz