Мейрамгүл Сатаева. Азаматтарға араша түсудің амалы - экстрадициялау
Ақтөбенің ресми билігі Өзбекстан Республикасында тұтқында жатқан ақтөбеліктерге қатысты оқиғаны назарда ұстап отыр. Осы уақытқа дейін облыс әкімі Елеусін Сағындықов Нүкістегі тергеу изоляторына түскен 27 азаматтың туыстарымен бірнеше рет кездесті.
Жерлестеріміз қамауға алынған бойда-ақ облыс әкімі дереу Сыртқы істер министрлігімен хабарласып, министрдің орынбасарымен де кездесті, Өзбекстандағы ҚР елшісі Зауытбек Тұрысбековпен байланыс орнатып, әділдіктің сақталуын қадағалау қажеттігін айтты.

Бұл азаматтардың барлығының артында отбасы, бала-шағасы, әке-шешесі бар. Көпшілігі банктен несие алыпты. Бір сөзбен айтқанда, отызға жуық ақтөбелік отбасы айдың күннің аманында асыраушыларынан тірідей айырылды. Қазір олардың барлығы азаматтарының үйге аман-сау келуін дұғасына қосып, қу жанын шүберекке түйіп отыр. Осыны ескерген облыс әкімдігі тарапынан тұтқындағы жігіттердің туыстарына моральдық және материалдық көмек көрсетіліп келеді. Облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлы олардың несие төлеуге шамасы жетпей отырғандарын ескеріп, банк басшыларын жинады. Қаржыгерлер жағдайға түсіністікпен қарап, тұтқындағы борышкерлердің несие төлеу уақытын кейінге ысырды. Демеушілер бірнеше отбасыға материалдық көмек көрсетті. Әлгіндей халге ұшыраған отбасыларға әкімдік тарапынан басқа да қаржылай көмектер көрсетілді, Өзбекстанға барып-келіп жүрген ынталы топтың қаржылық шығындары төленді.
Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова күн сайын ынталы топпен хабарласып, жігіттеріміздің жағдайын біліп отырғандығын айтады. Нұрқатованың айтуынша, соттың үкімі шықпайынша, қандай да бір байлам жасау қиын. Әзірге үкім жария етілген жоқ. Жұрт демін ішіне тартып күтіп отыр.
Жерлестеріміз бас бостандығынан айырылса, кейінірек оларды экстрадициялау жөнінде мәселе көтерілмек. Ендігі амал тек осы болса керек.
Мейрамгүл Сатаева, Ақтөбе қаласы.