Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Помпео Ауғанстанға Вашингтон мен "Талибан" қозғалысы арасындағы келісімді құтқару мақсатында келген. Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекеттік хатшы Гани және Абдулламен жеке-жеке кездескен соң, олармен бірге тағы бір келіссөз өткізеді.
Ауғанстан сайлау комиссиясы 18 ақпанда президент Ашраф Гани сайлауда жеңіске жетті деп жариялады. Дегенмен оның қарсыласы премьер-министр Абдулла Абдулла сайлауда заң бұзушылық болғанын алға тартып, жеңіске мен жеттім деп мәлімдеді.
9 наурызда Кабулда ел президенті қызметіне кірісу салтанаты екі жерде қатар өтті. Президент сарайында Ашраф Гани ант қабылдаса, көрші сарайда Абдулла Абдулла инаугурациясы өтті.
Ақпан айының соңында АҚШ пен "Талибан" қозғалысы Катарда келісімге отырды. АҚШ бұл елдегі жауынгерлері санын 8,6 мыңға дейін қысқартады.
Ашраф Гани мемлекет басшысы қызметіне кіріскен екінші күні "Талибан" қозғалысының бес мың мүшесін түрмеден босатты.
Abai.kz