«Манас» әуежайын жүк транзиті үшін пайдалану АҚШ-қа жылына $60 млн-ға түспек
Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – НАТО-ның әуебазасы орналасқан «Манас» халықаралық әуежайындағы транзиттік жүк тасымалдау орталығы АҚШ үшін жылына $60 млн-ға түспек, деп хабарлайды «Ферғана.ру» Қырғызстан сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевқа сілтемелеп. 23 маусымда Қырғызстан парламентінің қорғаныс, қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің отырысында Қ. Сарбаев, АҚШ ұшақтарға арналған тұрақ пен жүктерді жинайтын қойма құрылысын $36,6 млн-ға қаржыландырады деп хабарлады. $30 млн жаңа транзиттік тасымалдау орталығына қажет орталық үшін авианавигациялық жабдықтар сатып алуға бөлінеді.
2009 жылы қырғыз-американдық экономикалық даму қорын құру үшін Қырғызстан $20 алады. Одан өзге, АҚШ республикаға есірткі трафигімен күреске $21,5 млн, және лаңкестікпен күреске $10 млн бөледі. Оның айтуынша, АҚШ-тың қорғаныс министрлігі «Манас» әуежайының маңындағы жерлерді де жалға алады. Жерлерді жалға беру мен ұшақтарға қызмет көрсетуден тағы да шамамен 20 млн доллар түседі.
Сонымен қатар министр, «әуебазаның айнала күзетін Қырғызстан қарулы күштері іске асыратынын» жеткізді.
«Келісімде сонымен қатар Орталықтың қызметкерлерінің мәртебесі жеке қарастырылған.

«АҚШ қорғаныс министрлігінің мәртебесі – әкімшіл-техникалық қызметкерлер үшін – тек қана олар қызмет бабы бойынша болуы тиіс нысандар мен орындарда ғана беріледі», - дейді министр.
Қырғызстанның қорғаныс, қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті АҚШ-тың Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы күштерінің әрекетін қолдау үшін транзиттік орталығын құру туралы келісімді бір ауыздан қолдады.
Қырғызстанда коалиция күштерінің «Манас» әуе базасы 2001 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның мандаты бойынша АҚШ-тың Ауғанстандағы «Мызғымас бостандық» антитеррорлық операциясы шеңберінде әскери қимылдарды және гуманитарлық көмекті жүзеге асыру үшін ашылды. Қазір «Манас» әуебазасында АҚШ-тың және коалиция елдерінің бір жарым мыңдай жауынгері, сондай-ақ, әскери-көлік ұшақтары мен отын құюшы ұшақтар орналасқан.
Биылғы жылы көктемде Қырғызстан парламенті өз аумағында АҚШ және антитеррорлық коалицияның 11 елінің әскери контингенттерін орналастыру туралы АҚШ-пен арадағы келісімді бұзатынын жариялады. Әуе базасын жабуға алты ай берліген болатын. Парламент шешіміне сәйкес, «Манас» әуебазасында орналасқан ең соңғы шет елдік әскери, елді 18-ші тамызда тастап кетуі тиіс еді. Келісімді бұзудың алдында Ресей Қырғызстанға 2 миллиард доллар көлемінде несие мен 150 млн доллар қаржылай көмек берді.