Парламент заңға өлім жазасы мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады
Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні кеңейтілген отырысында «Кейбір заң актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат ұсынған түзетулермен келісті. Осылайша, құжат қабылданды деп есептеледі және мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қою үшін жолданады.
Түзетулермен өлім жазасын ең жоғарғы жаза ретінде қолданудың аясын қысқарту қарастырылып отыр. Осылайша, өлім жазасы белгіленуі мүмкін қылмыстардың саны 18-ден 8-ге дейін азайды.
Соның ішінде, геноцид, жалданушылық, мемлекетті сату, республика президентінің өміріне қастандық жасау, диверсия, терроризм, соғыста тыйым салынған құралдар мен әдістерді пайдалану, агрессивті соғысты жоспарлау, дайындау және жүргізу үшін ең жоғарғы жазаны белгілеу ұсынылып отыр.
«Жазалаудың айрықша түрін қарастыратын 10 жағдайда өлім жазасын алып тастап, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру ұсынылады», - деп мәлім еткен еді әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.

Түзетулер келесі қылмыстарды жасағаны үшін өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруды қарастырады: кісі өлтіру, сот үкімін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырып жатқан тұлғаның өміріне қастандық жасау, бұйрыққа көнбеу немесе бұйрықты орындамаудың басқа түрлері, басшыға қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу, басшылыққа қатысты зорлық шаралары, дезертирлік, өзін жарақаттау арқылы әскери қызметтен жалтару, әскери кезекшілікті атқару ережелерін бұзу, билікті теріс мақсатта пайдалану, асыра пайдалану немесе әрекетсіздік таныту, қарсыласқа соғыс жүргізу құралын беру немесе қалдырып кету.
Сонымен қатар, түзетулер геноцид, мемлекетті сату және әскери қылмыстар үшін жаза қарастыратын қылмыстық кодекс баптарының құрылымын өзгертуді қарастырады. Аталған қылмыстар бейбіт және соғыс уақытында жасалу бойынша бөлініп отыр. Аталған қылмыстарды соғыс жағдайында жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылған.
Қазақстанның қазіргі қылмыстық кодексінде өлім жазасы қылмыстың 18 құрамы үшін қарастырылған, олардың 10 –ы соғыс уақытында жасалатын әскери қылмыстар болып табылады.
Өлім жазасы әйелдерге және қылмысты 18 жасқа дейінгі жасында жасаған тұлғаларға және сот үкімі шыққан кезде 65 жасқа толған ер адамдарға белгіленбейді. Өлім жазасы 25 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға алмастырылуы мүмкін.
2003 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілді. Ең жоғарғы жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып келеді.