Мұныңыз не, Мұқашев!
Әсілі, Ақорда дәлізіндегі «дағдарыс, дағдарыс» деген жаңғырықтан депутаттарымыздың жүйкелері әбден жұқарған сыңайлы. Әйтпесе, мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашев бір ауыз боқтығы үшін талыс креслосын тастамас па еді. Бізге белгілісі, Мұқашев мырза биылғы көктемде «Эйр Астана» авиакомпаниясының ұшағымен Ақтөбеден Алматыға бет алса керек. Бірақ, стюардессаның ескертуіне құлақ аспаған «қалаулымыз» оны жеріне жеткенше сыбап, бейәдеп сөздермен оның ар-намысына қол сұққан. Қызметкерінің құқын қорғау мақсатымен авиакомпания бірден Президент әкімшілігіне арызданады. Осылайша, бүгін парламент мәжілісінің отырысында депутаттар Серікжан Мұқашевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бірауыздан дауыс берді. Тиісінше қаулы Орталық сайлау комиссиясының қарауына жіберілді. Қызығы сол, «халық қалаулысы» деген атақтан айыру туралы өтінішті Мұқашевтің өзі беріпті.
«Абай-информ»