Бауыржан Жақып. Тұмадай мөлдір Тұмағам...
«Өтті!» - дейді Тұмағам! Сене алмаймын,
Осы болды-ау тосыннан келер қайғым.
Енді Сізге сәлем де бере алмаймын,
Енді Сізді Одақтан көре алмаймын.
Қаралы бұл хабардан дала жанып,
Түнгі оттарын, іздейді, қала жағып,
Ақ жаңбырға ұқсайтын мінезің де
Алматыда басылған жаңа жауып.
Келген жастар өлеңге алып ұшып,
Табысатын Сізбенен сағынысып.
Жапырақ едік жайқалдық жағаңызда,
Тұмаңыздан Тұмаға, қанып ішіп.
Сөзі - нәзік, көңілі-ақ, кең жүрегі,
Тұмағамның тұмасын ел біледі.
Қылау түспес жаныңның терезесі,
Өз көзәйнегіңдей мөлдір еді.
Қара өлеңнің шекпенін бүтіндерміз,
Тұмағаңды көргенбіз, «Шүкір» -дерміз.
Кітаптарын жастанып, сырттай оқып,
Тұманбайдың мектебін бітіргенбіз.
Жәуһар сөзге қырандай таңдап түсіп,
Өлеңіңді халқыңа арнап, құшып.
Жүрегіңмен жазушы ең жырларыңды,
Жүрегіңе кетті ме салмақ түсіп.
Бұл жалғанның, Тұмаға, құны жоқ па?!
Қалай ғана аттандың тым ұзаққа.
Қайтқан құстың ілесіп қанатына
Қайтып сен де кеттің бе жылы жаққа.
Аттандың ба өлеңнің жәннатына,
Ақын сөзі қосылды мәңгі атыңа.
Өлең болып, ән болып самғап ұшып,
«Өтті!» - дейді Тұмағам! Сене алмаймын,
Осы болды-ау тосыннан келер қайғым.
Енді Сізге сәлем де бере алмаймын,
Енді Сізді Одақтан көре алмаймын.
Қаралы бұл хабардан дала жанып,
Түнгі оттарын, іздейді, қала жағып,
Ақ жаңбырға ұқсайтын мінезің де
Алматыда басылған жаңа жауып.
Келген жастар өлеңге алып ұшып,
Табысатын Сізбенен сағынысып.
Жапырақ едік жайқалдық жағаңызда,
Тұмаңыздан Тұмаға, қанып ішіп.
Сөзі - нәзік, көңілі-ақ, кең жүрегі,
Тұмағамның тұмасын ел біледі.
Қылау түспес жаныңның терезесі,
Өз көзәйнегіңдей мөлдір еді.
Қара өлеңнің шекпенін бүтіндерміз,
Тұмағаңды көргенбіз, «Шүкір» -дерміз.
Кітаптарын жастанып, сырттай оқып,
Тұманбайдың мектебін бітіргенбіз.
Жәуһар сөзге қырандай таңдап түсіп,
Өлеңіңді халқыңа арнап, құшып.
Жүрегіңмен жазушы ең жырларыңды,
Жүрегіңе кетті ме салмақ түсіп.
Бұл жалғанның, Тұмаға, құны жоқ па?!
Қалай ғана аттандың тым ұзаққа.
Қайтқан құстың ілесіп қанатына
Қайтып сен де кеттің бе жылы жаққа.
Аттандың ба өлеңнің жәннатына,
Ақын сөзі қосылды мәңгі атыңа.
Өлең болып, ән болып самғап ұшып,
Көктем сайын жетерсің Алматыңа.
Мініп шаптың көсіліп, сырбаз атқа,
Тамсандырып халқыңды жыр ғажапқа.
Сезім қылын тербетіп самал болып,
Сұлу әлем сыйладың бұл қазаққа.
Өксігіміз жыласақ, басыла ма,
Өлең болып көз жасы шашыла ма?
Құралайың озған соң дүниеден,
Тез қартайып кеттің-ау асыл аға.
Көрінгенмен біздерге өмір - жаздай,
Күз тез келіп қалады көңіл саздай.
Қадыр ағам қайтқанда, қайғырып ең,
Сыңарынан айырылған Қоңырқаздай.
Желіп жүріп уақыттың жетегінде,
Қоштаса алмай біз қалдық өтеріңде.
Адам болып өмірді күліп бастап,
Жылай да алмай қалдың-ау кетеріңде.
Біз жылаймыз Сіз үшін жоқтап Аға,
Жағып кеттің жырыңмен от далаңа.
«Балдырғаны» қазақтың жетім қалды,
Бәрі сізді жоқтап тұр, топқа қара.
Інілерді ертіп ең соңыңа көп,
Батаңды да беріп ең жолыма көп.
Түсімде өзің ұшыпсың құсқа айналып,
Қауырсының қоныпты қолыма кеп.
Бабам қазақ қашан да түс жорыған.
Түс жорыса, жақсы бір іс жорыған.
Сізден қалған қауырсын қаламды алып,
Түсірмейміз Ағатай, Құс жолынан.
Жадымызда Сіз салған із жатталып,
Жүрегіміз тұр біздің мұздап қалып.
Көктемеде күлімдеп келіп едің,
Құс сияқты барасың күзде аттанып.
Хабарландыру!
Ақын, халық жазушысы марқұм Тұманбай Молдағалиевпен қоштасу, соңғы сапарға шығарып салу қаралы жиыны 12 қазан күні таңертеңгі сағат 10.00 де Мұхтар Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрында өтеді.