Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2174 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:29

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тілдер комитетінің бұрынғы басшысы Түркияда бой тасалап жүр – қаржы полициясы

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тілдер жөніндегі комитеттің бұрынғы төрағасы Ерден Қажыбек құқық қорғау органдарынан Түркияда жасырынып жүр, деп хабарлады экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деген айып бойынша соттың қамауға алу туралы санкциясымен мәдениет және ақпарат министрлігі тілдер комитетінің бұрынғы төрағасы Қажыбек іздестіріліп жатыр. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның Түркияның аумағында жүргені анықталды», - деп мәлім етті ол сәрсенбі күні брифингте.

Бұрын хабарланғандай, тілдер комитетінің бұрынғы басшысына қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланғаны үшін сырттай айып тағылған болатын.

«Ол 2007 жылдың тамызында қазақ-ағылшын-орыс онлайн мәтін аудармашысын құру бойынша атқарылмаған жұмыс туралы үш актіге қол қойып, орындаушының қызметін 100% төлеген», - деп еске салды қаржы полициясының өкілі.

Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала сомасы 65 млн теңгені құрайды.

«20 министрлік пен ұлттық компанияның, мемлекеттік тілді дамыту бойынша 12  мемлекеттік мекеменің ақпараты бойынша, үш тілді аудармашы жұмыс істемейді және оны ешкім пайдаланбайды», - деп толықтырды М.Жұманбай.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502