Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2131 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:32

Тойота 2011 жылғы Азиаданың негізгі демеушісі болмақ

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ -  Алмас Жұмабаев. Жапонияның «Toyota»  автокөлік құрылысы компаниясы 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының негізгі демеушілерінің бірі болмақ, деп хабарлады «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның вице-президенті Серік Құлмырзаев.

«Қазақстандық делегация мамыр айының соңында Лозаннаға ( Швейцария) барып келді, онда әлемдік ірі брэнд - «Тойота» компаниясының өкілдерімен келіссөз жүргізілді, компания қазір 2011-ші жылғы Азиаданың ресми демеушісі болу мәселесін қарастырып жатыр», -деді ол.

Дирекцияның баспасөз қызметі де 2009 жылдың шілдесінен бастап Азия ойындарының атқарушы дирекциясы әріптестік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Жақында демеушіліктің санаттары мен деңгейі жария етіледі, Азиаданың ресми сайтында арнайы бөлім ашылады, ол жерде кез-келген компания өтініш қалдыра алады, өтінішті ұйымдастырушы комитет қарайды. Алдағы қысқы ойындар халықаралық және отандық ірі фирмалардың қызығушылығын тудырып отыр»,- делінген сәрсенбі күні таратылған  баспасөз мәлімдемесінде.

«Азиадамен байланысты шаралар шеңберінде демеушілер өз компаниялары мен өнімдерін жарнамалау үшін үлкен ммүкіндіктерге ие болады. Сонымен қатар, Азиаданың демеушісі бола тұрып, компания аса қызықты шаралар мен жарыстарға, соның ішінде Ойындардың салтанатты ашылуы мен жабылуына билеттердің белгілі бір көлемімен қамтамасыз етіледі. Компаниялар бұл шараларға бизнес бойынша әріптестерін, VIP-клиенттерін шақырып, өз қызметкерлерін ынтыландыра алады»,- деп атап көрсетілген баспасөз мәлімдемесінде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487