Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1965 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:35

Қайыржан ТӨРЕЖАН. Молдовандарға да жем болдық

Алты жыл бұрын Қазақстанға келген төрт молдовиялық кәсіпкер осы уақытқа дейін миллиард доллардың мұнайын заңсыз сіңіріп алыпты. Олардың біреуі қамауға алынып, үшеуіне халықаралық іздеу жарияланды деп мәлімдеді Экономикалық және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен.
Маңғыстау облысында алты жыл бойы лицензиясыз мұнай өндірумен айналысқан төрт молдован миллиард долларды қалтасына басып үлгерген екен. Осы уақыттың ішінде бұларға тексеріп-қадағалауға құзыры бар бірде-бір мемлекеттік орган тексеру жасамаған. Әншейінде шағын кәсіпкерлерге күн көрсетпейтін инспекторлар, неге екені белгісіз, молдовандар басқаратын мұнараларды айналып өтетін болған. Бәлкім, олармен мұнайдан түскен пайданы уақтылы бөлісіп отырған болар, оны тергеу жұмыстары анықтай жатар. Қалай болғанда да тексеруге, қадағалауға құзырлы мемлекеттік органдардың салақтығынан миллиондаған долларлар «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетіп жатқаны тағы бір фактімен дәлелденді.

Әзірше Қаржы полициясының анықтағаны, молдовалық фирмалар 2002 жылдан бері лицензиясыз мұнай өндіруден 147 миллиард доллар таза пайда тауып, Қазақстан қоржынына бір тиын да түсірмегендігі ғана. Алты жыл бұрын Маңғыстау облысындағы Боранкөл және Толқын мұнай өндіру орындарын игеру үшін «Қазполмұнай» ЖШС және «Толқыннефтегаз» ЖШС атты екі жаңа компания келіп, лицензия алмастан бірден жұмысқа кірісіп кеткен. Осылайша 2008 жылдың аяғына дейін ешқандай проблемасыз, тоқтамай мұнай-газ магистралін пайдаланыпты.
Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Қазполмұнай» ЖШС мен «Толқыннефтегаз» ЖШС алты жыл бойы басқарып, Қазақстан мұнайынан мол ақша тапқан үш молдован бизнесменіне іздеу салыныпты. Ал төртінші молдован түрмеге түскен. «Қазполмұнай» және «Толқыннефтегаз» фирмаларының көмірсутегі шикізатын өндіруіне соттың шешімімен тыйым салынып, компаниялардың қозғалатын, қозғалмайтын мүліктеріне және жарғылық капиталдағы үлесінің 100 пайызына тосқауыл қойылған.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

«Айқын» газеті 24 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5486