Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2175 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:46

Жасұлан Манап. ЮНЕСКО-ның назарындағы Наурызымды қорғайтын төтеншенің техникалары қайда?

Соңғы бір-екі үш күнде орын алған табиғи апаттар аймақ халқын әбден әбігерге салды. Облыстың бір шетінде ауылдар жарықсыз қалса, екінші шетінде халықаралық маңыздағы қорық қызыл жалынға оранды.
Үдей соққан дауылдың салдарынан облыстың қос ауданында электр қуатын тасымалдаушы желілер үзіліп, бірнеше ауыл жарықсыз қалған. Бұл туралы түсінік берген облыс әкімі Сергей Кулагин: «Ресми дерек бойынша, он жоғары вольтті электр бағанасы құлаған. Апат қалпына келтірілді дегенмен, Ұзынкөл ауданындағы ауылдар әлі де жарықсыз отыр», – деп мәлімдеді.
«Жығылған үстіне жұдырық» демекші, дауылмен қатар аймақтың екінші шетінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұрағаттар тізіміне кірген еліміздегі қос қорықтың бірі Наурызым қорығында демалыс күні өрт шықты. Дәл қазір түпкілікті кесіп айту қиын, бірақ мамандар «бұл – адам қолымен істелген әрекет емес, табиғат ананың тосын мінезінен болған оқиға» деп отыр. Нақты айтсақ, өткен демалыс күндері облыс аумағында өтпелі жауын жауды. Сол кезде күн күркіреп, найзағай түсіп, қорықтың алты жерінен бірдей өрт шыққан. Қорықтағы тілсіз жаудың алдын алуға техникалық қуаты жетпегендіктен, бұл іске жергілікті атқарушы билік араласқан.

Ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа жүгінсек, тілсіз жау сенбі күні таңғы 11 шамасында басталған. Дүйсенбі күні таңертеңгілік өрт ауыздықталды делінгенімен, түбегейлі күрес әлі тоқтаған емес. Өртті сөндіруге барлығы 300-ден астам адам тартылған.

Жасұлан Манап, Қостанай
«Алаш айнасы» газеті 23 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485