Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3332 0 пікір 23 Қазан, 2011 сағат 11:45

Айнаш СЕЙСЕНБАЕВА. Қараусыз қалған қара көздер

Үстіміздегі жылы еліміздің Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Бұл тәуелсіздіктің мәнін жас буынға ұғындыру үшін 20 ғ. 30 жыл¬дарындағы Қазақстанның КСРО-ның одақтас республикасы болып тұрған кезеңдегі елдің ауыр жағдайын таныта берудің маңызы зор. Аталған жылдардағы қазақ қасіреттерінің бірі - аштық тақырыбы аз жазылмады десек те зерттеуді қажет ететін құжаттар отандық мұрағаттарда менмұндалап тұр.

Қазақ байлығын ұлы тәркілеуден кейін елге заңды түрде келіп жет¬кен аштық кезінде жазықсыз зардап шеккен халықтың бір тобы - дүниеге жаңа келген сәбилерден он-он бес жасқа дейінгі жетімдер мен тірі жетім балалар еді. Осы жылдары миллиондаған қазақ балалары қараусыз қалып, көшелерде босып жүрді, кейбіреулерінің әлі таусылып, әр жерде ыңыранып жатты, ал басым көпшілігі балалық шақтың бал дәмін татпастан, не себептен өзектері талып, үзіліп бара жат¬қанын түсінбестен көз жұмып кете барды. Олар ашаршылықтан қаза болғандар мен ата-аналары асырай алмай тастап кеткендер және шекара елдеріне жаппай көшу кезінде ата-аналарынан адасып қалғандар еді.

Үстіміздегі жылы еліміздің Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Бұл тәуелсіздіктің мәнін жас буынға ұғындыру үшін 20 ғ. 30 жыл¬дарындағы Қазақстанның КСРО-ның одақтас республикасы болып тұрған кезеңдегі елдің ауыр жағдайын таныта берудің маңызы зор. Аталған жылдардағы қазақ қасіреттерінің бірі - аштық тақырыбы аз жазылмады десек те зерттеуді қажет ететін құжаттар отандық мұрағаттарда менмұндалап тұр.

Қазақ байлығын ұлы тәркілеуден кейін елге заңды түрде келіп жет¬кен аштық кезінде жазықсыз зардап шеккен халықтың бір тобы - дүниеге жаңа келген сәбилерден он-он бес жасқа дейінгі жетімдер мен тірі жетім балалар еді. Осы жылдары миллиондаған қазақ балалары қараусыз қалып, көшелерде босып жүрді, кейбіреулерінің әлі таусылып, әр жерде ыңыранып жатты, ал басым көпшілігі балалық шақтың бал дәмін татпастан, не себептен өзектері талып, үзіліп бара жат¬қанын түсінбестен көз жұмып кете барды. Олар ашаршылықтан қаза болғандар мен ата-аналары асырай алмай тастап кеткендер және шекара елдеріне жаппай көшу кезінде ата-аналарынан адасып қалғандар еді.

ХХ ғ. 30 жылдарындағы Қазақстандағы қараусыз қалған балалар және олардың балалар үйлеріндегі жағдайы туралы 1998 ж. Алматы мұрағат мекемелері бірігіп шығарған «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933 гг», сондай-ақ Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Шығыс Қазақстан облысы Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығының Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Тарих Институтымен бірігіп 2005 ж. Семейде шығарған «Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933 гг» құжаттар жинақтарында ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Президенті Мұрағаты, Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаты мен Ресей мұрағаттарының аса құнды бірегей құжаттар тобы жарияланған болатын. Аталған жинақтарда отандық мұрағаттарда кездесе бермейтін БК(б)П ОК мен КСРО ХКК-нің қазақстандық балаларды қорғау жөніндегі директивалары мен шешімдері келтірілген.

ХХ ғ. басындағы қазақтың қай қасіретінің болса да негізгі себебі сол кездегі орталық билік - БК(б)П-ның өрескел қателіктерінде жатыр десек те, жер¬гілікті биліктің дер кезінде дұрыс жұмыс атқара алмауы, оң шешім қабылдай алмауы, жеткілікті талап ете алмауы да зор ықпалын тигізгені анық. Жергілікті шенеуніктердің бей саясаттығы, білік¬сіздігі, қала берді арсыздығы болмағанда, мұншалықты қара халық опат болар ма еді, қалың жұрт атамекенін тастап, ұлы көшкінге бастар ма еді? Шетелге босқан аш қазақтардың балаларына кө¬мек беру туралы олардың тарапынан алғашқы да¬был қағылғанда «Қазақстанда қараусыз қалған бала деген жоқ. Бұл тек бюрократтар мен оппор¬тунистердің сөзі» деп санап, шара қолданбақ тұр¬мақ, жауап қатпай отыра берген («Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933 гг.» Құжаттар жинағы. Семей қ, 2005 ж. 10-б.).
Дегенмен ұжымдастыру, отырықшыландыру жұмыстарының қатаң бекітілген жоспарларын орындау жағдайында болса да, әрбір аудан орталықтарында тобыр-тобырымен жинақталып кезіп жүрген балалар Қазақстан басшылығына өздерін қорғау жолында бірқатар шаралар қолдануға мәжбүр етті. Қараусыз қалған балалар ісі жөніндегі бірнеше арнайы комиссиялар құрылды. Алайда бала¬ларды қорғау жөніндегі жасалған істер теңізге тамған тамшыдай болды. Балалардың жағдайы ауыр хәлде қала берді, өлім-жітім саны арта берді.

Ашаршылық жағдайындағы балалар

Аталған қасіреттің шыңы болған 1932-1933 жылдары елде қараусыз қалған балалар толассыз өсумен болды. Өйткені дәл осы жылдары адам өлімі өршіген және ауыл жұртының шекара ел¬деріне ауып, қайта қайтқан мезгілі еді. Нәтижесінде өлкеде жүздеген мың бала жетім және тірі жетім қалды. Құжаттарға жүгінсек өлке бойынша 282 балалар мекемесі жұмыс істеген жағдайда 1933 ж. 1-ші қаңтарында күтімге қамтылған баланың саны - 61 192 болса, 1934 ж. 1-ші қаңтарында 383 балалар мекемесі жұмыс істеген жағдайда - 96 483 болған. Әрине балалар мекемелерінің саны мен қараусыз балалар саны арасында пропорционалды сәйкестік болмаған жағдайда балалардың күтімі қандай болатыны түсінікті және оған әр түрлі субъективті ахуалдардың әсері тағы бар. 1932 ж. басқа аймақтарды айтпағанда Көкшетауда бір балалар үйінде тамыз айының ішінде 170 бала, Ақмолада осы уақыт ішінде 90 баланың 30-ы, Қарағандыда он күннің ішінде 100-ге жуық бала қыршын кеткен («Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933 гг», Алматы қ,1998 ж. 175-б.), Шығыс Қазақстан облысында маусым-қыркүйек айларында 1000-ға жуық бала шейіт бол¬ған («Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933 гг.» Құжаттар жинағы. Семей қ , 2005 ж. 83-б.). Осындай ахуал басқа қаражат көздерін айтпағанда тек Қазақстан өндіріс және Қазақ өлкелік одағы базасында 1932 ж. наурыз айындағы жағдай бойынша 8 млн. руб. қаржы бола тұра орын алды (141-қ. 1-т. 5756 іс, 79-п.).

Елде жайлаған ашаршылық пен жергілікті билік қысымына төтеп бере алмаған қазақ елі 1931 жылдың күзінен бастап шекара асып кете барды. Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан аумақтарына, Батыс Сібір, Орта Волга өлкелеріне дейін өткен қазақтар ауыр жолдан әлсіреп, жүре алмаған балаларын қыр, жота, асу, тауларда, темір жолдарда тастап кете берді. Ауыр жол тартып мақсатты жерге жеткен күнде де маңдайларынан жел еспеді, толыққанды көмек ала алмады. Елде қалған балалар мен шекара асқандар балалардың жағдайларының айырмашылығы аз болды. Қай жақта да аурудан, аштықтан, аяздан өлу жалғаса берді. Орта Волга, Батыс Сібір сияқты өлкелерде босқан елдің қалыңдығынан толыққанды көмектесуге шамалары жетпесе, Қытай, Қарақалпақстан сияқты елдер босып барғандарға көмек бермек тұрмақ, зәбір көрсетіп ұрып-соқты, ұры деп өтірік жала жапты, әйелдерін тартып алды, қала берді қырып салды.
Батыс Сібір өлкесіндегі бір ғана Славгород ауданына 10 мың қазақ жиналған. Барлығына бірдей баспана жетіспегендіктен көпшілігі аш-жалаңаш күйінде далада түнеді. Өлген жануарлардың етін жеді. Пәтерлердің есігін қағып, нан сұрады. Асханаларға барып нан қоқымдарын жеп, табақтарды жалады. Жұқпалы аурулар кең таралды. Босқан халық аштықтан, аяздан өліп жатты. Славгород қ. аудандық мекемелерге қазақтар балаларын алып келіп тастап кетіп отырды. Күніне осындай 4-5 далада қалған бала жинап алынды. Балалар үйі лық толды. Сыймаған балалар дала кезіп жүрді. Жер¬гілікті ауданда азық-түлік жетіспеушілігінен оларға толық көмек беруге шамалары келмеді. Осындай жағдайларды айта келіп, Батыс Сібір өлкелік комитетінің хатшысы М. Зайцев 1932 ж. 2 ақ¬пандағы БК(б)П Қазөлкекомға хатында: «мұндағы босқын қазақтарға көмек берулеріңізді және босу ахуалын тойтаруға шұғыл шара қолдануларыңызды сұраймыз» - деп жазады. (Ф.141. Оп.1. Д.5192. 21-п.). Алайда Қазақстаннан еш жауап берілмеді.

Орта Еділ өлкесіне босқан қазақтардың саны 35 000 болған. Орынбор тарапынан 300 қазақты жұмысқа орналастырып, 250-не жатақхана берілген, қазақ балаларына арнап балалар үйі құрылған. Осы жайттың бәрі баяндала келіп «Алайда бұл көмек бар¬лық қажетті көмекпен салыстырған түк те емес» - делінген БК(б)П Орынбор қалалық комитеті хатшысының орынбасары Ф. И. Кислицыннің БК(б)П Қазөлкекомға 1932 ж. жазған хатында. Қазақта мұндай мөлшер теңізге тамған тамшыдай деген сөзбен өлшенеді. - «Көмек алмаған қазақтар балаларын тастап кетіп жатыр. Соль-Илецк және Илецк аудандарында көмілген малдарды қазып жеген. Осыдан аурулар таралып, өлім өршіп тұр. Меніңше Қазақстан тарапынан болатын іс-шараларсыз босқындар туралы мәселені шешу мүмкін емес. Босқындар легін тоқтату, көктемгі егіс негізінде оларды кері қайтару қажет...» (Сонда 5192 іс, 81-п.). Осындай шекара елдерінен келіп түскен бірқатар ақпараттардан кейін ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1932 ж. 27 сәуірдегі №22 «Көшіп кеткен көшпелілерді қайтару және орналастыру жұмысының жоспары туралы» қаулысының 7-тармағында қараусыз қалған және түбегейлі ойсыраған шаруашылық балаларына арналған Денсаулық сақтау халкоматы мен Ағарту халкоматы шеңберінде барлық облыстар бойынша 6 мың балалар үйін ұйымдастыру туралы шешім қабылдады (Сонда 5192 іс, 90-п.).

Қазақстандағы балалардың жағдайы одан да қиын еді. Мекемелерге үсіген, әлсіреген, аштықтан ісіп-кепкен әр жастағы балалар тасталып кететін болды. Балалар үйлері толып кеткендіктен, оларды қабылдамады. Олар әдетте сұрағандарға «әкем өлген, шешем өлген, үй жоқ, нан жоқ» деп жауап берді. Кейбіреулер оларды милицияға өткізбекші болған әрекетте олар да қабылдамады. «1932 ж. бір 14 қаңтар күні қалалық кеңестің ішінде 16 тасталған бала жиналып қалды... Ақыры, бұл балалар сиықсыз бір үйге орналастырылды. Біз барып көрдік. Бұл үйдің есігінің алдында, ішінде, шөптің үстінде өліп жатқан адамдарды айтпағанда, 40-қа жуық балаға күніне бір рет қана ботқа не кішкентай бір үзім нанымен қоса сорпа беріледі. Балалар еденде, пеште, лас әрі сасық, тас қараңғы жерде аунап жатады, жылайды, кейбіреулерінің жылауға да әлі жоқ, тек әлсіз ыңырсиды. Жағдайдың ауырлығы соншалық, күтуші болып келген әйел ертесі күні қа¬шып кеткен. ... Балалар тоқтаусыз қаза болуда, мәйіттері көпке дейін әкетілмейді. Бұны «приют» дегеннен гөрі «морг» деп атаған дұрысырақ болады» - делінген Қазақстанға саяси жер аударылған В. Иогансон, О. Селихова, Семений-Ткаченко, Ю. Подбельский, А. Флегонтовтың 1932 ж. 1 ақпанында КСРО ОАК Төралқасына Павлодардан жазған арызында (5233 іс, 8-9-п.).
1932 ж. желтоқсанында шет жаққа көшіп кетіп қайта оралған көшпенділер - 1923 адам Қарағанды қаласына топталды. Барлығына бірдей баспана болмағандықтан далада түнеп жүрді. Тамақ болмағандықтан өздері мініп келген малдарын сойып жеп отырды. Мұндағы жағдай туралы «10 күннің ішінде аумақта 57 өлік теріліп алынды, оның 5 - балалар. Өлгендердің балалары қараусыз қалды. Күніне осындай 35-40 бала теріледі. Оларды балалар үйіне ораналастыруға орын, тамақ, киім жоқ» - деп көрсетті БМСБ (ОГПУ) Қазақстандағы Уәкілетті Уәкілінің орынбасары П. В. Володзько мен Саяси-құпия бөлімінің бастығы С. Г. Гендиннің Қазақстан бойынша БМСБ-на 1932 ж. 7 желтоқсанда берген арнайы хабарламасында (5774 іс. 8-9-п.).

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданында да көшпенділердің көптеп келуіне байланысты жағдай қатты ушыққан. Бұл туралы «Бір-бірінің малдарын ұрлаумен, сондай-ақ өзара тауар алмастырушылықпен (киізді нанға) қатар әйелдер мен балалар сатыла бастады. Әулие-Атада жағдай өте қиын, 5-6 қаңтардағы аязда 84 адам өлген, оның ішінде 20-дан астам балалар базардағы шайхана пештерінде қатып қалған. ... ата-аналар өз балаларын өздері суға лақтырған. Қалалық ауруханада осындай бір бала құтқарылды. Ол мүшекке оралып, сыммен байланып электростанция жанындағы суға лақтырылған екен» - деп жазады БК(б)П Қазөлкеком және Халкомкеңесінің Сарысу ауданы бойынша өкілінің 1933 ж. 23 қаңтардағы баяндама хатында (6018 іс, 1-п.).
Әсіресе Шығыс Қазақстан облысының балалары қатты зардап шекті. Себебі сол өңірден қазақтар Қытайға жаппай ауып, онда да пана таппағандар қайта қайтты. Осы ары-бері көшкін кезіндегі ауыр жол жағдайында көп балалар қырылып кетті. Шұбартау ауданы орталығында балалар үйі жоқ, ауданнан 35-40 км жердегі еш қолайсыз мектепке 170 бала орналастырылған. ... Қазақстандағы БМСБ Шұбартау ауданы бойынша Өкілі Ғ. Мусиннің жоғарғы органдарға 1933 ж. 21 ақ¬пан¬дағы баяндама хатынан «олардың тамақтары - қуырылған бидай мен майсыз көже. Сүт, көкөніс өнімдері мүлде жоқ. Балалар төсек орнына киізде нарда бірге жатады. Көбісі қарқұлақ аурумен ауырады, іштері өтеді, өлгендері бар» екенін көруге болады (6287 іс, 177-п). Петропавловск қ. 320 бала орналасқан балалар үйіндегі жағдай туралы ҚАКСР Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкоматының өнеркәсіп тобының жетекшісі С. А. Куриннойдың БК(б)П Қазөлкекомға 1933 ж. шілдедегі жазған баяндау хатынан қараусыз балалардың тіпті жиналмайтынын, олар барлық жерде аш, жалаңаш кезіп жүретінін, балалар үйінде аурулар саулармен бірге жататынын, арнайы бөлінген жеткілікті азық қоры бола тұра жабдықталмайтынын, Аудандық халыққа білім беру бөлімі және Әйелдер секторы жұмысшылары балалар үйі жағдайы тұрмақ, оның қайда орналасқанын да білмейтінін анықтауға болады (6397 іс, 31-п). 205 бала орналасқан Қорғалжын ауданындағы балалар үйіне арнайы тексеру бригадасы келгенде жағдайдың өте қиындығы анықтал¬ған. Басшылардың селқостығы салдарынан желтоқсан, қаңтар айларында жаңа түскен аш балалар бірден тоя тамақтанып, нәтижесінде көбісі дезинтериямен ауырып өлген. Крайком және Халкомкеңес бригадасы [Г.] Әлжановтың 1933 ж. [қазандағы] баяндау хатынан (6397 іс, 20-п).

Балаларды қорғау жөніндегі
үкімет шаралары

Көшеде қараусыз қалғандарды жинау, тіркеу, балалар үйлеріне орналастыру, онда жағдайларын қамтамасыз ету жұмыстарымен негізінен Халық ағарту халкоматы мен Білім беру халкоматы айналысты. Медициналық көмек көрсету ісіне Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Жабдықтау халкоматы мен Қаржыландыру халкоматы да өз салалары жұмыстарымен тартылды.

БК(б)П Қазөлкеком секретариаты аудандарда азық-түлік жетіспеушілігіне байланысты елдің ірі қалаларында балалар үйін ашу туралы қаулы қабылдады (БК(б)П Қазөлкеком секретариатының 1932 ж. 24 наурыздағы №213 хаттамасынан (141-қ. 1-т. 5154 іс, 277-278-п.). Мұнда балалар үйлерін ашу деген сөз құрылыс салу емес, көшкіншілерден босаған киіз-үйлерді, қыстақтарды, жертөлелерді, сарайларды, оқуы тарап кеткен мектептерді балалар үйлеріне айналдыра салу болды. Осы жылдың мамыр айына дейін барлық облыстарда осындай ұйымдастырылған «балалар үйлеріне» ондаған мың бала орналастырылды. Қайта оралған көш¬кін¬шілерді орналастыру жөніндегі үкіметтік ко¬миссия хатшысы И. Бендеттің БК(б)П Қазөлкекомның Құпия бөліміне жіберген 1932 ж. 14 мамырдағы қысқаша жиынтығынан мынадай мәліметтерді көруге болады: Қа¬рағанды облысында 18 балалар үйі ұйымдастырылып, оған 1617 бала орналасқан, 69 мың руб. бөлінген. Батыс Қазақстан облысында 10 балалар үйі ашылып, 837 бала орналастырылған. Алматы облысында 12 балалар үйі ашылып, 2 200 бала орналастырылған, оған 60 мың руб. бөлінген. Оңтүстік Қазақстан облысында 50 бала қабылдау пункті ашылып, 122 тонна азық-түлік жіберілген. Ақтөбе облысында 2 балалар үйі ашылып, 330 бала орналастырылған. Шығыс Қазақстан облысында ашылған 37 балалар үйіне 4860 бала орналастырылған, 400 орындық сәбилер үйі ашылып, оған 20 000 руб. бөліген. 20 әйелден тұратын балаларды күтумен айналысатын арнайы бригада жіберілген (5152 іс, 112, 149-п.).

БК(б)П Қазөлкеком секретариатының 1932 ж. 9 шілдедегі жиылысында Ұ. Ж. Құлымбетовтың көш¬кіндер, олардың балалары және балалар үйлерінің адам төзгіссіз жағдайы, жұқпалы аурулар туралы ақпараты тыңдалып, кезек күттірмейтін шаралар қолданылуы қажет екендігі анықталды. Арнайы көмек беру және тексеру бригадалары құрылып бірден балаларды қорғау жұмыстары басталып кетті (№238 хаттамасынан. 141-қ. 1-т. 5156 іс, 57-п.).
Қайта оралған көшкіншілерді орналасты¬ру жөніндегі үкіметтік комиссиясының 1932 ж. 25 шілдедегі №8 хаттамасында өлке бойынша шет елге ауған балалар саны - 9500 болғаны көрсе¬тіледі. (5152 іс, 164-165-п.). Осы қаулыда балалар үйлеріне 200 тонна нан бөлу, оның мақсатты пайдаланылуын қатаң қадағалау туралы ше¬шім қабылданды және балалар үйі ұйымдарының басшыларына қараусыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыру, жандандыру туралы қатаң ескерту жасалды. Осы жұмысқа кәсіподақ ұйымдарының да белсенді атсалысуы талап етілді.
ҚАКСР Халық ағарту халкоматының жұ¬мы¬сы туралы 1932 ж. 23 қарашадағы есе¬бінде қараусыз қалған балалар ісі жөнінде мынадай мәліметтер береді: 1932 ж қарашадағы ахуалы бойынша Қазақстан бойынша қараусыз қалған 43 135 бала жағдайында 213 балалар үйі, 7 балалар коммунасы салынған. Оларға 39031 бала орналастырылған. 3029 бала - колхоздарға, 673 - оқуға (ФЗО) жіберілген, 863 - жұмысқа орналастырылған, 3393 - интернаттарға, совхоздарға т. б. орналастырылған, 6094 - қамтылмаған. Ал Орталық балалар комиссиясының мәліметтері бойынша: қараусыз қалған бала - 41 071, оның 30183 балалар үйлеріне орналастырылған, 4 000 - қамтылмаған. (141-қ. 1-т. 5667 іс, 62-64-п.). Бұл тек қараусыз қалған ретінде тіркелген балалар болған¬дықтан алғашқы органның мәліметтері сенім¬дірек көрінеді. Өйткені тіркелмей қалған тірі және өлі ба¬лалар да болды ғой. Осы жағдайда балаларды жаб¬дықтауға 4107 мың руб. жұмсалған. Жалпы 1932 жылға балаларды қорғауға жоспарланған қаражат іс жүзінде толық бөлінбеді. Сондықтан жоғарыда қаулыда қабылданған іс-шаралар барлық облыстар бойынша бұл жылы орындалмай қалды және балалар өлімінің ең жоғарғы шыңы болды.

1933 ж. 7 қаңтардағы БК(б)П Қазөлкеком бю¬ро¬сында балалар мәселесі туралы бірнеше жауапты адамдардың баяндамалары тыңдалып, қаңтар -наурыз айларында істелетін жұмыс туралы жоспар құрылды. Онда балалар үйлеріне 1933 жылға қаржы бөлу, азық-түлікпен, жабдықтармен қамтамасыз ету, балалар үйлерінің шаруашылық жақтарын жақсарту мәселелері бекітілді (№127 хаттамасынан (141-қ. 1-т. 5769 іс, 6-п.).
1933 ж. 29-31 қаңтардағы БК(б)П Қазөл¬кеком секретариатында жасаған (№263 хаттамасы) П. В. Володзьконың хабарламасы бойынша 1933 жылға күтімді қажет ететін 50 000 бала анықталған. Оған кететін шығын - 24 078 млн. руб. құраған. Ал ХКК қорында - 786.700 қана руб. болған. Секретариат отырысында қалған қажетті 21 918 млн. руб. қайдан алынатыны талқылана келіп, 11 918 млн. руб. - орталық бюджет есебінен, 10 млн. руб. - Қазақстан бюджеті есебінен алынатындығы көзделді. Мәжілісте балаларды қорғаудың қаражаттан басқа да мәселелері тағы қаралды. Балалар үйін тексеру үшін 20 ақпаннан 10 наурыз аралығында 2 онкүндігін өткізу ұйымдастырылды, Қазақ КСР ОАК Орталық балалар комиссиясы жанынан арнайы Штаб құрылды. Құрамына төрағасы болып ҚАКСР Ағарту халкомы С. Меңдешев, мүше¬лері болып Медициналық-санитарлық еңбек Орталық басқармасынан Н. Н. Тубанов, П. А. Сниткин, Х. Ж. Жүсіпбеков, [?] Гольдшит, Ағарту жұмысшылары одағы Орталық басқармасынан [?] Нұрғалиев, Орталық балалар комиссиясынан (ЦДК) [?] Дюжев, Қазөлкекомнан Н. Саналиева кірді (141-қ. 1-т. 5756 іс, 26-п. сыртқы беті).
Қараусыз балаларға қамқорлықты көбінесе белсенді әйелдер жасады. Олар негізінен 20 жылдардың басындағы әйелдер қозғалысының лидері Сара Есова бастап берген барлық облыстық, аудандық және жергілікті партия комитеттеріндегі әйелдер бөлімдерінде қызмет атқарған абзал жандар еді. Қарсақпай аудандық партия комитетінің әйелдер секторының меңгерушісі Соколованың БК(б)П Қазөлкекомдағы балалар мә¬селесіне жауапты Н. Саналиеваға 1933 ж. 3 майда жазған баяндама хатында «қараусыз қалған балалар пайдасына лотерея ойнатылып, одан 4 мың руб. түсті. Белсенді әйелдер балалар үйіне арнап 1 000 метр сейсеп тікті» - деп жазады (5617 іс, 34-п.). Оңтүстік Қазақстан обл. Келес аудандық партия комитетінің әйелдер секторы құзырлы органдарға 1933 ж. берген есебі бойынша қараусыз балаларға арнап 6 буфет ұйымдастырған, одан осы жылдың ақпанынан бері 700 руб. түскен. Поселкелерден 700 дана киім, ыдыс т. б. қажетті заттар жиналған. Бірнеше селоларда - Балықшы, Ванновка, Корниловка - төсек орын тігу шеберханалары ашылған. Балаларға нақты көмек беру арнайы жергілікті комиссиясы құрыл¬ған. Қазан айында осындай комиссиялардың бірінің мүшесі Смолякова Балықшы поселкесіне барып, балалар үйлеріне тексеру жүргізген. Балалар үйіндегі тәр¬биешілер мен бала күтушілермен жиналыс өткізіп, балалармен қалай жұмыс істеу керектігі, тәрбие жұмысы туралы айтқан. Кейбіреулеріне қатаң сөгіс берген (5617 іс, 60-п.).
Балалардың моральдық-материалдық жағдайын көтеру үшін өлкелік партия басшылығы балалар үйлерінде жаппай саяси жұмыс жүргізу мәсе¬лелерін қарастырды. Ол үшін «Балалар досы» сияқты қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар және жастар одағы да тартылды. Қазақ өлкелік жастар одағы ко¬ми¬тетіне қаражат, төсек-орын, ыдыс жинау, тазалығын тексеру, дәрігерлер мен мұғалімдер тарту жұмыстары тапсырылды. Жастар одағы тарапынан балалар үйі меңгерушісінің саяси тәрбие жұмысы жөніндегі көмекшісі бөлінді. Қазақ өлкелік жастар одағы ко¬митеті осы жұмыстарды іске асыру үшін арнайы айлық ұйымдастырды. Мұндай балалар үйіне көмектесу айлық жұмыстары ұжымшарлар мен кеңшарларға, МТС-тарға да тапсырылды. БК(б)П Қазөлкеком бюросының 1933 ж. 7 желтоқсандағы №190 хаттамасынан 3-тармақ (5769 а іс, 72-п. сыртқы беті).

1932 ж. желтоқсаны мен 1933 ж. қаңтар айындағы халық көшкіні қатты болуына байланысты өлке бойынша қараусыз қалған балалар саны күрт өскен - 47 899. Оның 8 969-ы ғана балалар үйіне орналастырылған. Аудандардың экономикалық жағдайы өте нашар болды, демек қараусыз бала саны әлі де өсетіні күтілді. 1932 ж. 4-ші тоқсанына балаларды арнайы үйлерге орналастыруға 4 438 600 руб. қажет болған, бірақ жергілікті және орталық бюджеттен 2 688 мың руб. қана бөлінген. Оның өзі мақсатты жерлерге толық әрі уақытылы жеткізілмеді. Нәтижесінде көптеген балалар жылы киіммен, тө¬сек-орынмен қамтамасыз етілмей қалды. Балалар үйлері отынсыз қалды, жөндеу жұмыстары жүр¬гі¬зілмеді. 1933 жылға 22 млн. руб., оның 10 млн. - жер¬гілікті бюджеттен, 12 млн. - орталық бюджеттен бөлінген. Алайда несиелер екі бюджет көз¬дерінен де ашыла қоймады. Бұл балалардың жағдайын одан әрі ауырлатып жіберді. Балалар үйлері көптеген ұйымдарға қарызға белшеден батты. Сондықтан Қазақ КСР Қаржы халкоматынан 1 600¬ мың руб. шұғыл бөлінуі сұралды. Москваға екі рет телеграф арқылы 1-ші тоқсанға балалар үйлерін жабдықтауға, есік алды шаруашылығына және еңбек коммуналарын ұйымдастыруға 10 млн. руб. қаржы сұралды. Қазақ ОАК Орталық балалар комиссиясы Төрағасының орынбасары, ҚАКСР БМСБ Уәкілетті Уәкілінің орынбасары П. В. Володзьконың ҚАКСР Халкомкеңес Төрағасы О. Исаевқа, БК(б)П Қазөлкекомының жабдықтау жөніндегі хатшысы С. Т. Голюдовқа, БОАК Балалар ісі жө¬нін¬дегі комиссиясының төрағасы Н. А. Семашкоға 1933 ж. 2 ақпанда жазған хатынан (5774 іс, 58-п). Т. Рысқұлов БОАК қызметте жүргенде, 1933 ж. сәуірде Қазақстандағы балаларды қорғау ісіне 500 мың руб. бөлгізген («Из истории величайшей трагедий казахского народа 1932-1933 гг», 207-б.), сондай-ақ орталықтан сол жылы мамырда 5 млн. руб. жуық қаражат бөлінген (Сонда, 208-б.).

БК(б)П Қазөлкеком бюросының 1933 ж. 26 наурыздағы отырысында әрбір басқару салаларынан құралған Т. М. Алиев, С. Ж. Асфендияров, В. И. Бессонов, А. Н. Гусев, Я. Г. Егоров, С. Мең¬дешев, Л. Г. Миронов бар комиссияға балалар ісі жағдайын көтеру туралы мәселені ойланып, пікірлесіп шешім жобасын секретариатқа шығару тапсырылған болатын (№138 хаттамасынан 8-тармақ 141-қ. 1-т. 5769 іс, 40-п.). Осы тапсырма бойынша 1933 ж. 31 наурыздағы өлкелік партия бюросында балалар мәселесі арнайы қаралып аталған комиссияның дайындаған қаулысының жобасы талқыланып бекітіледі. Онда Шығыс Қазақстан облысына - 10 500, Батыс Қазақстан облысына -3 900, Қарағанды облысына -13 000, Ақтөбе облысына -5 000, Алматы облысына -12 000, Оңтүстік облысына -15 000 баланы балалар үйлері мен еңбек коммуналарына орналастыру туралы нақты шешім қабылданды. Сондықтан барлық облыстарда тағы да бірнеше балалар үйлері мен еңбек коммуналарын салу тапсырылды. Ауылдық аудандардағы балалар үйлерінде шағын дәнді дақылдар, бақтар, бақшалар егу, сондай-ақ қоян, құс өсіру, шағын сүт фермасын ашу көзделді. Бұл жұмыс Қазақ өлкелік тұтынушылар одағына аталған жануарларды өз қарамағындағы фермаларынан бөлу тапсырылды. Осы мақсат үшін КСРО-ң Тамақ өнеркәсібі халкоматының Қазақстандағы уәкілі Қ. Сарымолдаевқа 1000 ц. бидай, 1000 пұт тары, 1500 бас мал бөлу тапсырылды. Жасөспірімдерге арнап, олардан білікті жұмысшы күшін дайындау үшін өнер¬кә¬сіп кәсіпорындары жанынан өндірістік шеберханалар ашу КСРО ауыр өнеркәсібі халкоматының Қазақстандағы уәкілі Я. П. Беликовқа тапсырылды. Балалар үйлерін, еңбек коммуналарын қажетті заттармен жабдықтау жұмыстары Жабдықтау халкоматына берілді. Қараусыз балаларға бөлінетін 1 млн. руб шамасындағы қаражаттың көп бөлігі киім-кешек, тазалықпен қамтамасыз ету нәрселеріне жұмсалсын деп шешім қабылданды. Әлсіз, ауру балаларға ерекше жағдай жасау Денсаулық сақтау және Халық ағарту халкоматтарына тапсырылды (№139 хаттамасы 7-тармақ) (141-қ. 1-т. 5769 іс, 44 сыртқы беті, 45-п.). Осы қаулының жобасын өңдеу комиссиясы құрамында С. Меңдешев болға¬нымен іс жүзінде ол қатыстырылмаған екен. Қаулы қабылданып кеткеннен кейін қазақ ауыл балаларының табиғатын, болмысын, өмір сүру қалпын жақсы білетін С. Меңдешев БК(б)П Қазөлкекомға 1933 ж. 11 сәуірде арнайы хат жазып онда өзінің қаулы жо¬басын өңдеуден шеттетілгенін айта келіп бала¬лар¬ды шын мәнінде қорғау жөнінде мынадай пікір біл¬діреді: «Ересек балаларды еңбек коммунасына ор¬наластыру үшін оларды бір өңірге жинауға күш жұм¬сағанша олардың саны аз болғандықтан жер¬гілікті жерлердегі кәсіпорындарға ораналастыру әлдеқайда жеңілірек болады. Ал 14 жастан кіші балаларды (1500-2000 адам) аяқталған шаруашылық типіндегі ірі еңбек коммуналарына жинаудың қажеті жоқ. Олар оңтайлы мектептерде алғаш политехникалық білім алып оқулары тиіс. Қазіргі заман¬ғы ірі өнеркәсіп, ауыл шаруашылық кәсіпорын¬да¬рында оларды ерте мамандандыру мақсатсыз және бұл балалардың даму қабілетін тоқтатады. Ірі ең¬бек коммуналарының мұндай жастағы балалармен шаруашылық тиімділігі сенімсіз. МСБ (ГПУ)-нің ең¬бек коммунасының тәжірибесі бұл жерде негіз болмайды. Өйткені бұлар қараусыз қалып, аштықтан әлсіреген, жас, әрі көшпенді қазақтардың балалары. Оларды еңбек коммуналарына алу үшін жарам¬ды-жарамсыздығына тексеру жүргізгеннен кейін ғана іске асыру қажет. Онсыз балаларды алыс, олар үшін үйреншіксіз, бөтен - Жарма, Озерки, Мамлютка сияқты қалаларға жіберу - тек оларды өлімге тігу деген сөз. Осы жағдайларды ескере отырып, қаулыдағы еңбек коммуналарының көлемі мен салынатын жерлер көрсетілген тармағын алып тастап, орнына Ағарту халкоматына балалардың жас құрамына сай табиғи үйреншікті ортада - жергілікті жерлерде еңбек коммуналарын салуды тапсыруыңызды сұраймын. Қаулының шеберханалар ашу туралы 3-тармағындағы ФЗЖ - фабрика-зауыттық жетіжылдықты ФЗО - фабрика-зауыттық оқыту деп өзгерту қажет. Өйткені ФЗЖ - ешқандай өндірістік бейіндегі емес, әдеттегі политехника¬лық мектеп. Сондықтан оны ашудың қажеті жоқ. Қа¬раусыз балалар саны қауырт өсуі қосымша қаражат табуды қажет етіп отыр. Сондықтан қаражатты тек Ағарту халкоматынан бөлу мәселені шеш¬пейді. Қаулының 6-тармағында мектептер салуға бөлінген ақшадан - құрылыс несиесінің жартысын мектеп салуға бөлінсін делінген. Ауылды жерлерде арнайы салынған мектеп жоқ, балалар шағын, тар паналарда оқытылуда. Ол оқудың сапасына да, балалардың физикалық дамуына да кері әсерін тигізуде. 1932 ж. мектеп салуға небәрі 5. 400 000 руб. бөлінген. Оның жартысының өзі құрылысы біт¬пей тұрған мектептерді аяқтауға ғана кетеді. Осындай жағдайда құрылыс несиесінің жартысын қарау¬сыз балаларға бөлу - бұл жылы бірде бір мектеп са¬лынбайды деген сөз. Бұл бір балаларды бақытсыздықтан басқа балаларды ауыр жағдайда қал¬ды¬ру есебінен құтқару болып табылар еді. Сондықтан осы жылға бөлінген несиеге мектептің орнына балалар үйін немесе еңбек коммуналарын салу мақсатты болар еді. Қаулының қаражат табу мәселесі туралы 12-тармағында тек халық ағарту халкоматынан ғана емес, барлық халкоматтар бюджеттерінен бөлуді қарастыру абзал. Қаулыға қосымша Орталық балалар комиссиясынан және Ленин атындағы қордан балаларға бөлінетін қаражаттың көлемін ұлғайту туралы Орталыққа мәселе қою тармағын қосу қажет. Осы мәселелерді шұ¬ғыл түрде қайта қарауды сұраймын» (141-қ. 1-т. 5226 іс, 87-90-п). Нақты әрі нық айтылған С. Меңдешев ұсыныстарын талдаудың еш қажеті жоқ. Тек оның талаптарының жерге тасталынбағанын төменіректе көреміз.

Қараусыз балалардың саны ұдайы өсіп, оларды қорғау, барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету жұмыстары күннен-күнге қордалана берді. Мұндай жұмыстармен айналысатын 1933 ж. тамызда бірнеше арнайы комиссиялар құрылды: Олар: Қараусыз қалған балалар ісі жөніндегі үкіметтік комиссиясы, Жасөспірімдерді кеңшарларға, өнер¬кәсіп кәсіпорындарға орналастыру жөніндегі комиссиясы, Жасөспірімдерді халкоматтар мен өлкелік ұйымдар бойынша орналастыру жөніндегі комиссиясы, Қазақ ОАК жанынан Орталық балалар комиссиясы. (БК(б)П Қазөлкеком секретариатының 1933 ж. 29 тамыздағы №306 хаттамасынан 8, 9-тармақтар (141-қ. 1-т. 5756 а іс, 61-п. сыртқы беті, 62-п.)

1933 ж. ортасында балалар үйлеріне орналас- қан балалардың шамадан тыс артуы барлық аудандарда қиындық туғызды. Оның үстіне бұл кезеңде ашаршылық бүкіл Қазақстанды шарпыды. Кіш¬кен¬тай бала тұрмақ үлкен адамдар аурудан әлсіреп әр бір жерде талып жатты, жүздеген мыңы үзіліп кет¬ті, мәйіттері жиналмастан жатты. Аудан басшы¬ла¬ры балалар үйлеріне үкімет тарапынан, ал үкімет орталық үкіметтен қайта-қайта қосымша көмек сұраумен болды. Сондықтан арнайы қаулымен барлық балалар үйлеріне 1933 ж. қыркүйек айына 500 ц. балық, 87 ц. май, 50 ц. кондитерлік өнім, 73 ц. жарма бөлінді. (6202 іс, 155-п). Әдетте мұндай көмек қорларын жеткізу барысында көзделген нүктелерге жетпей талан-таражға түсті. Аудан басшылары мен балалар мекемелерінің жауапты жұмысшылары алынған тауар, азық-түлік пен қаражатты жымқырып отырды, тіпті ашықтан-ашық алып қашып кеткен оқиғалар да орын алды. Құжаттарға жү¬гінейік. БК(б)П Қазөлкеком Уәкілі Шуевтің Қа¬рағанды обл. Жаңа арқа ауданының жағда¬йы туралы 1933 ж. 3 қазандағы баяндама ха¬тында: «Көшпенділер үкімет адамдары тауып, балалар үйіне өткізеді, аман қалады деп үміттеніп өз балаларын далаларға, жолдарға тастап кете берген. Осындай 350 бала аудан орталығынан жина¬лып алынып балалар үйіне өткізілді. ... Ал азық-түлік балалар үйіне уақтылы босатылмады. Аудан басшылары азықты өздерінің жегенін ыңғайлы деп тапты. Нәтижесінде 350 баладан 50-і ғана тірі қалған. ...Адамдар мүрделерді қазып, аштан емес, майлы болады деп аурудан өлгендердің етін жеген....» - делінеді (6018 іс, 123-п). БМСБ Қазақстандағы Уәкілетті Уәкілі Б. Әбдірах¬манов¬тың ҚКСР Халкомдар Кеңесі Төрағасының орынбасары Ұ. Ж. Құлымбетовке, БК(б)П Қаз¬өлкеком жабдықтау жөніндегі хатшысы Г. И. Пинхасикке 1934 ж. 5 ақпандағы хатында: «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ау¬данындағы балалар үйінде 380 баланың 92 пайызы ауру, олардың ішінде сүзек аурулар бар. Олар тірі қалулары неғайбыл. Балаларға бір күнге 300 гр. қуырылған бидай ғана береді. Оларды күтуші 10 адам тек азық-түлікті жымқырумен ғана айналысады. От жағылмайды, терезе әйнектері жоқ, есік ескі киізбен жасалған, іші өте лас. Ауданда жет¬кілікті мануфактура бола тұра балалар да, үлкендер де ескі-құсқы, жыртық киімдермен жүреді ... Әулие-Атадағы нан бұл ауданға әкелінбейді. Өйткені нанды жеткізуді ұйымдастыруда талан-таражға түседі. Прокурорлар мен халық судьялары шайханадан шықпайды, не істейтіні белгісіз. Аудандық партия хатшысы Күзембаев ылғи мас болып жүреді. Сол және аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия РКК төрағасы бірігіп, ауданға бө¬лінген қойлардан бір-бірден сойып алған. ... Шара қолдануларыңызды сұраймын» - деп жазды (7482 іс, 15 п.). БМСБ Қазақстан бойынша Уәкі¬летті уәкілінің орынбасары Л. Г. Мироновтың БК(б)П Қазөлкеком бірінші хатшысы Ф. И. Голощекинге 1932 ж. шілдесінде жаз¬ған хатында «Шығыс Қазақстан облысы Белағаш ауданындағы бір ғана Красный ауыл селосында екі ай ішінде 660 баланың 259-ы көз жұмған. Қал¬ғандары ауру. Өйткені тамақ, күтім жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Кінәлілер жауапқа тартылады. Стеклянка селосында 170 бала өлген. Ондағы балалар үйінің меңгерушісі Бережненко деген азық-түлік пен қаражатты алып, қашып кеткен» - делінген (5152 іс, 156-п.). БК(б)П Қазөлкеком Уәкілдері [А. Т.] Ізбасаров пен [?] Нұр¬ғалиевтің БК(б)П Қазөлкекомға 1933 ж. баяндамасында: «Ақ¬төбе облысы Табын ауданының балалар үйінде балалар аш-жалаңаш, өйткені бастықтары балалар азығын ұрлап, ұсталып, жауапқа тартылуда. Санитарлық жағдай талапқа сай емес. Нарлар құрылмаған, балалар жерде төсексіз киізде жатады. Ауданда монша жоқ. Содан ауру та¬ралуда. Балалардың саны 300-ге жетті. Кейбіреу¬лері босаған қыстауларға ораналастырылды... Қазір тамақ уақы¬тылы берілуде, денсаулықтары жақсаруда» екендігі көрсетілген. (5793 іс, 9-10-п.). Қызыл-Орда ауданында бірі - ересек балаларға, екіншісі - емшектегі балаларға арналған екі балалар үйі болған. Ересек балар үйінің бастықтары үйге бө¬лінген киім-кешек, мата, және қаражаттарын өздері¬нің пайдасына жаратқан, ауқаттарын өздері жеп-ішіп қойған. Сондықтан бірнеше бала аштан, суықтан ауырып өлген. Тексеруден кейін тағы басқа қыл¬мысты істері ашылып, кінәлі бастықтар сотталды... (5617 іс, 66-67-п.). Алматы қ. ...«Үлгілі сәбилер үйін¬¬де» жағдай өте нашар болған. Өйткені жауапты адамдар салғырттық пен төрешілдік танытты деп бағаланып, Алматы қалалық халыққа білім беру бөлімінің мең¬геру¬шісі Грозаға ескертумен қатаң сөгіс беріл¬ген. Егер жақын арада жағдай түзелмесе кінәлілер қуғынға түсетіндігі ескертілген (6601 іс. 243-244-п).
Жымқырушылық алапат ашаршылық жағдайында болмай қоймайтын заңды құбылыс. Қай тір¬шілік иесі болмасын өзегі талғанда жан сақтап қалудың амалын кез келген құнда іске асырады. Ар, ұят, жауаптылық сияқты адами құндылықтар соңғы орындарға ығыстырылады. Алайда арнайы құқық қорғау орындары ұсталған мұндай басшыларды жауапқа тартып түрмеге жабумен болды. Өйткені БК(б)П Қазөлкеком балалар үйін тексеріп, олқылықтарға жауаптыларды жазалау туралы ұдайы шешім шығарып отырды. ОГПУ органдарына балалар үйлеріне бөлінген азық-түліктің ұрлану, талан-таражға түсу фактілерін болдырмау үшін қада¬ғалап, тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. (5769 а іс, 72-п. сыртқы беті).

БК(б)П Қазөлкеком секретариатының 1933 ж. 13 тамыздағы отырысында Балалар ісі жөніндегі комиссиясына барлық балалар үйлерін мектептерге, курстық іс-шараларға және ФЗО-ларға жұмылдыру мәселесін 15 күн ішінде дайындау туралы міндет тапсырылды. (№301 хаттамасы 53-тармақ (141-қ. 1-т. 6202 іс, 153-п.). 1933 ж. аяғына қарай Балалар ісі жөніндегі комиссиясы, Халық ағарту халкоматы сияқты жауапты органдар Қазақстандағы балалар үйлерінде балаларды ықшамдау жұмыстарын жүргізді. Өлке бойынша балалар үйлеріндегі 20 568 ересек бала ықшамдалды. Оның ішінде 4896 - оқуға, 4339 - ұжымшар мен кеңшарларға, 2486 - кәсіпорындарға жұмыс орындарына жіберілді., 8847 - ата-аналарына қайтарылды. Сонда 1934 ж. 1 қаңтарындағы ахуал бойынша күтімге қамтылған баланың саны өлке бойынша - 96 483 құрады. Оның 61 192 - еңбекпен, оқумен қамтылды. 1934 ж. 1 сәуірінде бар¬лық облыстар бойынша 383 балалар меке¬ме¬лері жұмыс істеді. Оның ішінде 47 - сәбилер үйі, 28 - балалар ауруханасы, 14 - балалар коммуналары, 161 - мектеп жасындағы балалар үйі, 93 - мектепке дейінгі балалар үйі. Мектеп жасындағы 39 700, яғни 87,1 пайызы бала оқумен қамтылды, қалған пайызын аурулар мен киімдері жоқтар құ¬рады. Осы мәліметтерден жоғарыда айтылған С. Мең¬дешев талаптарының қаншалықты орындалғанын аңғаруға болады.
Балалар үйлерінде дәнді дақыл шаруашылығын жүргізу саясаты да едәуір нәтиже берген сияқты. Мысалы Келес ауданындағы Ишан-Базар балалар үйі 1934 ж. біраз жетістіктерге жеткен. Аудандағы балалар үйінің меңгерушісі Есемсейітов, саяси бөлім бастығы Әлібеков, шаруашылық меңгеру¬шісі Волков 1934 ж. басында жо¬ғарғы билік органдарына «23 тонна өз егі¬ні¬мізден нанымыз бар, көкөністер бағынан 3 т. ка¬пуста, 4 т. картошка, 3 т. пияз, 1 т. қияр, т б. бар. Келесі жылға тұқым сеуіп қойдық. 32 т. шөп қысқа дайын тұр. 4 ат, 12 сиыр, 11 қой бар. Балалар үйінде асхана, клуб, астық сақтау қоймасы бар. Жаңа бір төрт бөлмелі балалар үйі салынды» - деп рапорт берген (5783 іс, 159-п.). Халық ағарту халко¬маты балалар үйлері бөлімінің меңгерушісі С. А. Асфендияров 1934 ж. сәуірдегі есеп беру баяндамасында 1933 ж. 1 қаңтарында өлке бойынша 256 балалар үйінің 17 шаруашылы¬ғы болса, 1934 ж. 1 сәуірінде 308 балалар үйінің 123 шаруашылығы болды деген мәліметтер кел¬тіреді (141-қ. 1-т. 7692 іс, 2-10-п.).

1934 ж. наурызда БК(б)П Қазөлкеком Халық ағарту халкоматы мен Білім беру халкоматы жанынан балалар үйлеріне жоғарғы орган шешімдері мен нұсқамаларының орындалуын, дұрыс тамақтандырылуын бақылау және саяси тәрбие беру жұмыстарын жүргізумен айналысатын 2-3 босатылған қызметкер бөлді. Қазақ кәсіподақ кеңесі мен Қазақ жастар одағының ұсынысымен осы жылдың 15 сәуір және 1 мамыр аралығында қараусыз бала¬лармен жұмыс жөнінде 2 апталық өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл шара барлық қоғамдық күшті балалар жағдайына жұмылдыруы тиіс болды. Барлық жұмысшы және шаруашылық бұқара сенбіліктер өткізіп, ерікті түрде қаражат бөліп, қа¬жет¬ті заттар жинаумен қолдау көрсетуге міндет¬телді (6603 іс. 407-п).
Алайда аталған шаралардың қолданылуына, балалар үйлеріне бөлінген 40 млн. руб. қаражатқа қарамастан балалар үйлері жағдайлары жақсара қоймады. Арнайы тексеру бригадалары медициналық-санитарлық, материалдық жетіспеушілік, талан-тараждық сипатындағы түрлі олқылықтар мен кемшіліктерді тауып жоғарғы билік орындарына хабарлаумен болды. Сондықтан 1934 ж. 22 мамыр¬ында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі балалар үйлерін жақсарту шаралары туралы мәселені тағы қарады. Балаларды қорғау жөніндегі жұмыстар тапсырылған Халық ағарту халкоматы, Қаржы халкоматы, Жабдықтау халкоматы, Денсаулық сақтау халкоматы, Қазақ өлкелік кәсіподағы және олардың жергілікті органдары балалар үйлерін жаб¬дықтау, қаржыландыру, күту және санитарлық-медициналық емдеу жұмыстарына селқостық, төрешілдік танытты деп, жергілікті білім беру органдары балалар үйлерінің мүлкі мен қаражатын талан-таражға салды деп айыпталды. Балалар үйлерін жабдықтау, қаржыландыру, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын жүргізетін дербес Балалар үйлері жөніндегі басқармасын құру туралы мәселе қаралды (7692 іс, 54-56-п.). БК(б)П Қазөлкеком бюросының 1934 ж. 29 мамырдағы отырысында шұғыл түрде арнайы Балалар үйлері жөніндегі басқарма құру туралы шешімді бекітті. Халық ағарту халкомының бірінші орынбасары Ш. О. Жантлеуов оның бастығы болып тағайындалды. Басқарманың жанынан 6 облысқа бір-бір адамнан инспектор бекітілді және сәйкесінше облыстарда Басқарманың шағын аппараттары құрылды. Басқар¬маның балаларды қорғауға бөлінген қаражат есебінен өз бюджеті болуы көзделді (№33 хаттамасы 48-тармақ (6605 іс, 411-п.).
Жалпы балаларды қорғау жөніндегі атқарыл-ған қыруар жұмыстар мен қаражат көздерінің нәтижесінде 1934 ж. балалардың жағдайы едәуір жақсара түскендей. Балалар өлімі азайды. Алайда Семейде, Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір балалар үйлеріндегі орын алған қаржы, азық-түлік, киім-кешек тапшылығы сияқты олқылықтар жалға¬са берді. Ондағы ауа райының қолайсыздығы да өз әсерін тигізбей қоймады. Сондықтан орталықтан балалар жағдайын көтеруге қаржы сұрау шаралары тағы да орын алды. Өзбекстан, Орта Волга елдерінің Қазақстан басшылығына босып барып қараусыз қалған қазақ балаларын қабылдауларын бірнеше мәрте өтінгенімен елдің оларды 1934 ж. ор¬тасына дейін кері қайтаруға шамасы келмеді (141-қ 1-т 6518 іс, 53-п.). ХКК Уәкілі Молда¬ға¬лиевтің Орта Еділ өлкесіндегі көшкін қа¬зақ¬тар жағдайы туралы 1934 ж. 21 сәуірде жазған мәліметтері бойынша 1934 ж. сәуіріндегі ахуал бойынша өлкеде қараусыз балалар саны - 4917, ал білім беру саласының мәліметтері бойынша - 3912 құрады (6644 іс, 2-3-п.).

Балалар - аш өзектің құрбаны
Кімнің тарапынан болсын қаражатты жымқыру, азық-түлік пен мүлікті талан-таражға салу сияқты фак¬торлердің өрши түсуі аштық жағдайындағы заңдылық дейміз. Өйткені бұл кезеңдегі құбылыс әдеттегі мансап емес, жан сақтап қалу, ажалмен күре¬су болды. Десек те, осы жылдардағы ең сорақы субъективті көрініс - қарсылық көрсетуге күші жетпеген әлсіз балалар - өзегі талған үлкендердің, жақын туыстарының, кейде өз ата-аналарының құрбаны болып кете барды.
Осылайша ХХ ғ. 30-шы жылдардағы балалардың балалық шағы өлім мен өмір арасында арпалыспен өтті. Мыңдаған бала қазақ халқының өмір сүру тұрпатын өзгертпек болған әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрбаны болды. Дәл осы жылдардағы адам өлімі қазақтың өсу демографиясына үлкен соққы болды.
Жоғарыда келтірілген 30 жылдардағы балалар жағдайын баяндайтын мыңдаған құжаттардың ішіндегі мәселенің әр қырын көрсететін мазмұндағы кейбір деректері ғана оқиға желісімен талданып, баға берілді. Мұндай құжаттардың кейбірі түзілу кезінде-ақ іс-жүргізу қағаздарына «аса құпия» деген таңбамен тігілсе, енді біреулері арнайы үкімет¬тік шешіммен құпияландырылып тасталды. Тек Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына қарай ҚР Президенті Мұрағатының жауапты қызметкерлері «Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті» қорының құпияландырылған құжаттарына сараптама жасап, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, өндірістік, әскери жағдайын көрсететін көптеген құжаттарға арнайы құрылған үкіметтік комиссия мүшелерімен біріге отырып кешенді құпиясыздандыру жұмысын жүргізді. Осыдан кейін ғана атал¬ған тақырыптардағы мұрағат құжаттары ғылыми түрде жариялана бастады. Ал осыған дейін аштық балалары туралы деректерді көбінесе бейресми құралдардан - оқиға иелерінің, яғни сол зобалаңнан әупірімдеп тірі қалған кішкентай қара көздер - бүгінгі қарт әжелер мен аталардың әңгімелерінен естіп, жазушылардың әдеби шығармаларынан оқып келдік.

http://akikatkaz.kz/?p=84

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420