Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5157 11 пікір 23 Сәуір, 2020 сағат 13:20

«Саясаткермін» дейтіндерге екі сұрақ...

Бұрынғы бизнес алаяқтар бүгінгі таңда қоғам алаяқтарына айналды.

Өкінішке орай, біз бала секілді сенгіш халықпыз. Әдемі сөйлеген адамға жылдам сеніп қаламыз. Ал біреу бізге кәмпит көрсетсе тіпті қуанып қаламыз.

Қыздар маладес. Олар жігіттің сөздеріне емес ісіне қарайды. Біз де соған үйренуіміз керек. Халықтың алдына шыққан адамның әдемі сөзіне емес - бұрынғы істеріне қарау керек.

Менде бір 100-пайыз эффективный тестім бар. Кез келген адам "мен саясаткермін" десе, ол адам халқымызға қиын жағдайда не істеді, тексеру керек. Нақты айтқанда:

1. 2016 жылы Жер мәселесі "күйіп" тұрған кезінде не істеді?

2. 2011 жылы Жаңаөзен мен Шетпе қанды оқиғасы орын тапқан кезінде не істеді?

Өте қарапайым және нақты екі сұрақ. Егер ол адам сол кездерде үндемей отырған болса, бұндай адам саясаткерлікке жарамайды. Не халыққа жан ашымайды, не жүрек жоқ. Келесі рет те үндемей қалады, халықты сатып кетеді.

Ал бұрын бізнесте алаяқ болған адам саясатта да алаяқ болып қала береді. Бұны ұмытпаңыздар - адам ешқашан өзгермейді.

Сенгіш, момын халық болуға жетеді ғой. Сіздерді неше рет "саясаткерлер" алдап тастаған болатын, жеткілікті емес пе? Уақыт, өмір өтіп бара жатыр ғой! Мен айтқан сұрақ-тестерді ұмытпаңыздар, "саясаткермін" дейтін кандидаттар үшін бұл 100% тиімді тест. Естеріңізде болсын.

Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407