Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4229 14 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 12:02

Біз ғылыми - техникалық даму дегеннен жұрдай болдық

"Тұңғиықтың түбі" деген осы. Мұнай дәуірінің тұңғиығы. Мұнайды тұтыну осымен бітпейді. Дегенмен, мұнай өзінің әлемдік экономиканың басты факторы ролін біртіндеп жоғалтары анық.

Бізге бұл фактордың екі жағы бар. Нашар жағы - бюджеттің 60% мұнай өнімдерін сатудан қалыптасады. Мұнай өнеркәсібінде біздің азаматтар еңбек етіп жатыр. Мұнай өнеркәсібінің қосалқы саласында қаншама адам жұмыс істеуде. Еліміздің экономикасына кері әсері әжептәуір болмақ. Бұл бүгінгі күннің күйбің тіршілігі.

Мұнайдың біздің елімізге, экономикасына орасан кері әсері де бар.
Еліміздің экономикасы "голланд ауруына" шалдыққан. Тек экономика емес, саяси- әлеуметтік сала да жатыпішер болып алған. Ат төбеліндей топтың шексіз баюына алып келген де мұнайдың әсері. Бізге мұнайсыз, мұнайдың келеңсіз саяси әсерінсіз заманға дағдылану керек. Мұнайсыз да ата-бабамыз өмір сүрген, бала- шағасын асыраған, болашаққа нық қараған.
Болашаққа осылай нық қараудың жолын іздеу керек.

Ол жол бар. Ауылшаруашылығын дамыту, сандық технологияны игеру, адам индексін арттыру, сол мұнайды терең игерудің кластерін ұйымдастыру.
Ғылыми- техникалық прогрессті айналымға енгізу.

Біз НИОКР дегенді ұмыттық, ғылыми- техникалық даму дегеннен жұрдай болдық. Демократиялық жүйеге жеделдеп өту маңызды. Қазірде демократиялық кешенді бағдарлама қабылдау керек.

Еуропа елдері, Скандинавия, Балтық елдері ешқандай шикізатсыз экономиканың арқасында демократия құрып жатыр. Азия елдері, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия шикізатсыз кемелденген экономика құруда.
Бізге де осыған дағдыланып, кемелденген халықтық демократия жолына бұрылу керек.
Коронавирустан кейінгі қоғамдық ландшафт дегеніміз осы.

Теңдік. Еркіндік. Әділеттілік. Осы принциптер басты постулат болары һақ.

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404