«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ағымдағы жылдың 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын-ала қорытындылары туралы хабарлайды
Ағымдағы жылдың 24 қазанында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) кеңейтілген Басқарма мәжілісі болып өтті. Онда компанияның 2011 жылғы 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын- ала қорытындылары шығарылды.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы бойынша 2011 жылдың 9 айы ішінде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 15,7 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4% кем. Сонымен бірге 2,1 млн. тонна табиғи газ өндіріліп, 2010 жылдың көрсеткіш деңгейін сақталып қалды.
Магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау 50,4 млн. тоннаны құрады, мұның өзі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3% артық. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 22% артып, 6,2 млн. тоннаны құрады.
Газ тасымалдау көлемі 82 млрд. текше метрді құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9% артық.
2011 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мұнай өңдеудің шоғырландырылған көлемі (оның ішінде The Rompetrol Group) 11,4 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,3% артық. Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу заводында 2011 жылдың 9 айы ішінде өңдеу көлемі 8,2 млн. тонна болды.

Аудиттелмеген алдын-ала мәліметтерге қарағанда, 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ҚМГ-нің шоғырландырылған табысы 2,03 трлн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22% асып түсті.
Есепті мерзімдегі шоғырландырылған табыс 306,6 млрд. теңге болды, мұның өзі 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10% артық.
Жалпы алдын-ала мәліметтерге қарағанда, ҚМГ 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында үлестік әдіс бойынша шоғырландыру қағидаттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджетіне 387, 1 млн.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер төледі. Мұның өзі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23% артық.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары аясында есепті кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (ҮИИДБ), сонымен бірге мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы, ҚМГ компаниялары тобы сатып алуында қазақстандық үлесті арттыру жұмыстары одан әрі жалғастырылды.
Осылайша, 2011 жылдың 9 айында ҚМГ компаниялары тобының жалпы сатып алу көлемі 1,4 трлн. теңгені құрады, оның ішінде 747,4 млрд. теңгеге -товар, 272 млрд. теңгеге - жұмыс, 380,8 млрд. теңгеге - қызметтер сатып алынды. Бұл ретте жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық үлес 678,4 млрд. теңгені, немесе 48%, товарларда - 38%, жұмыстарда - 61%, қызметтерді сатып алуда 59% пайызды құрады.