Сенбі, 23 Қараша 2024
3076 8 пікір 2 Мамыр, 2020 сағат 14:01

«Әкем cоғыс туралы айтуды ұнатпайтын»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мир» арнасына берген сұхбатында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әкесі туралы да естелік айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды. Ерте жетім қалды. Балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Көп уақыт өтпей соғыс басталды. Соғыс ол үшін тағы да батылдық пен төзімділіктің сынағы болды. Ол соғыста көп қиындықты басынан өткерді, оның үрейлі сынағынан өтті. Қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе білді. Әйтсе де әкем басқа майдангерлер сияқты соғыс туралы, әсіресе өзінің ерлігі мен марапаттары туралы айтуды ұнатпайтын. Өзінің сезімі, жаумен алғаш бетпе-бет келуі, жауынгерлердің ерлігі, батырлығы және Жеңіспен үйге оралуы жайлы өзінің «Солдат соғысқа кетті» атты өмірбаяндық кітабында айтып берді», – деп еске алды әкесін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкесінің бала кезінен білімге құштар адам болғанына тоқталды.

«Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетіне ерекше құмар еді. Соғыстан кейін ол әскери форма киген күйі балдақпен келіп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің бірінші курсына түседі. Содан кейін журналист болып қызметке орналасады. Жазушылыққа біржола ден қойды, жылдар өткеннен кейін лайықты марапат пен атаққа ие болды.

Ол – қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған қаламгер. Мен жақында әкемнің 1945 жылдың ақпан-маусым айларында ауыр жарақат алғаннан кейін емделген Омбыдағы соғыс ардагерлері ауруханасының қасбетіне әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылғаны туралы білдім. Мен әкемді және жалпы соғыс ардагерлерін еске алып, ұмытпай жүрген Омбы облысы мен қала басшылығына ризамын», – деді Мемлекет басшысы.

 Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367