Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3954 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 09:20

Алматыда 650-ден аса жарнама билборды заңсыз орнатылған – қалалық басқарма

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. Алматыда 653 жарнама билборды заңсыз орнатылған, деп мәлім етті қаланың мәдениет басқармасының жарнама нысандарын бақылау бөлімінің бастығы Мәркен Ахметов.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда көлемі әр түрлі билборд форматты 1330 жарнама конструкциялары орнатылған, оның бір бөлігі, дәлірек айтқанда, 653-і жерге құқық белгілеуші құжаттарсыз, яғни, мемлекеттік актілерсіз орнатылған», - деді ол бейсенбі күні брифингте.

Сондай-ақ, ол бүгінгі күні 12 компанияға 235 жер телімін босату туралы сотқа шағым жіберілген. 164 учаске бойынша сот шешімі қабылданды.

Алматы қ. сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Сайран Фазылов, «қала жарнаманың астында қалғанын» айтты.

«12 жарнама қалқаны орналасқан көше қиылыстары бар, ондағы жарнама (билбордтар - ҚазТАГ) кішкентай емес, көлемі 3х6. Алматыдағыдай соншалықты көп жарнаманы бір де бір қалада көрген емеспін. Қаланы жарнаманың астында қалдырды!», - деп ашынды С.Фазылов.

«Ауыр металл конструкциялары кейде сапасыз орындалып жатады, олар қаланы көріктендірмейді, Алматының архитектурасына кері әсер етеді. Еуропада қаланың орталық бөліктерінде ірі форматтағы конструкциялардан бас тартқалы қашан, өйткені олар архитектураға керң әсер етіп, әдемі көрінбейді, айналасымен үйлеспейді», - деді М.Ахметов.

Алматы ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Армана Сарыбасовтың айтуынша, қалада жарнама қалқандарының кө болуы жол қозғалысының қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізеді.

«Абай-Әуэзов көшелерінде қалқан тұр. Жарнама конструкциясы бөлетін жолақта орналасқан, ол жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс белгілердің бәрін шектейді. Саин-Ұлықбек қиылысы да бөлетін жолақта орналасып, жаяу жүргіншілер жолының белгісін жауып тұр. Абай-Сейфуллин қиылысы да солай», - деді ол.

Жол полициясының басшысы жарнама компанияларына жарнама қалқандарын демонтаждау туралы 50 нұсқау берілгенін айтты.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың тапсырмасы бойынша сыртқы жарнама саласындағы бірқатар сұрақтарды шешу мақсатында 2011 жылдың мамыр айында жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына Алматы қаласының мәдениет басқармасы; жер қатынастары басқармасы; сәулет және қала құрылысы басқармасы; жол полициясы басқармасы енді.

«Алматы әкімі басынан бастап қала құрылымдарының алдына нақты міндеттер қойды: жарнама конструкцияларының орналасуын реттеу, форматтарды стандарттау, жарнама операторларының жұмысы үшін оңтайлы жағдай жасау, мұның бәрін бір құжатқа жазып, жинақтау», - деді М.Ахметов.

Жұмыс тобының шаралар жоспарына сәйкес, мегаполис жарнама конструкцияларын орналастыруға болатын аймақтарға бөлінеді. Аумақтық «Аймақтық бөлу картасы» қаланың әкімшілік аумағын әр түрлі аймақтарға бөледі, олардың әрқайсысы ережелердің жобасына сәйкес арнайы нормаларға қарай қалпына келтіріледі. Олардың кейбір сатыда сыртқы жарнама саласындағы жұмыстары сапалы, эстетикалық, сәулет, әлеуметтік, экономикалық сипаттамаларына және қаланың әр бөліктерінің мәдени, тарихи ерекшеліктеріне қарай шектеледі. Аймақтардың әр категориясы арнайы нормалармен реттеледі. Қазіргі таңда «Аймақтық бөлу картасы» жұмыс атауы - «Жарнама нысандарын орналастыру кестесі» Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасымен жасалынып жатыр.

Сондай-ақ, жұмыс тобы Алматы қаласының аумағында сыртқы жарнама нысандарын жариялау және орнату ретінің ереже жобасын жасады. Ол жақын арада қала басшылығына ұсынылатын болады.

«Бұл жоба басты екі себепке байланысты жасалып жатыр: біріншісі - қаланың сыртқы келбетін жақсарту және екіншісі - сыртқы жарнама бизнесінің өкілдеріне қызмет ету үшін қолайлы жағдай жасау», - деді М.Ахметов.

Ол «конструкциялардың стандарттары өзгертілетінін ескерсек, Алматы қаласында жаңа жарнама конструкцияларын орнатуға мораторий жариялау қажет» екенін айтты.

С.Фазылов жарнаманы орналастыру ережелері келісілгеннен кейін жалға берілмеген жер телімдерінің бәрі, соның ішінде қазір жарнама билбордтары заңсыз тұрған учаскелер де, аукционға шығарылады.

«Орналасу бекітілген соі қаланың жер қатынастары басқармасы көше жарнамасы нысандарын орналастыру мен жариялау бойынша конкурс өткізеді. 10 лоттан, орталықтағы 4 учаске, екінші аймақтан 4 учаске және үшінші аймақтан 2 учаскеден болатын шығар», - деді ол.

Сондай-ақ, ол «билбордтары заңсыз тұрған фирма қалқандарын алып, конкурқа қатысатынын» айтты.

«Конкурста жеңіске жетсе, сәулет басқармасынан регламент алып, мәдениет басқармасымен келісіп, орналастырсын (билбордты - ҚазТАГ), ешкім тыйым салмайды», - деді С.Фазылов.

«Заңсыз орнатылған жарнама конструкциялары алынған соң жарты жылдың ішінде Алматы қаласындағы сыртқы жарнама нарығы реттеліп, алдағы уақытта жұмыс тобының тұрақты бақылауында болады», - деді М.Ахметов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314