Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3525 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 09:25

Халықтық ІРО туралы заң жобасы жақында парламентке түседі – «Самұрық-Қазына» төрағасының орынбасары

Аcтана. 27 қазан. ҚазТАГ -  Халықтық IPO (InitialPublicOffering)туралы заң жобасы жасалды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев.

«Заң жобасы жасалды. Қазір ол мемлекеттік органдардың келісуіне жіберілді. Соңғы келісулер қалды, сосын ол үкіметке енгізіледі, онда қаралып, парламентке депутаттардың қарауына ұсынылады. Біз мемлекет басшысы қойған міндетті орындап жатырмыз, жақында бұл заң жобасы парламентке енгізіледі», - деді Қ.Бишімбаев бейсенбі күні Bnews порталындағы онлайн-конференцияда.

Қор басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, аталған заң жобасымен қолданыстағы заңнамаға да түзетулер енгізу жоспарланған.

«Болашақта ол компаниялардың иелері «Самұрық-Қазына» ғана емес, мемлекет, жеке тұлғалар, зейнетақы қорлары болатынын түсіне отырып, біз ұлттық компаниялардың жұмысында белгілі бір либерализацияға барамыз. Яғни, мемлекеттік компанияларға тән, кірістілік, тиімділік құқықтарын шектеуі мүмкін шектеулер жеке инвесторлар-жеке тұлғалар (ҚР азаматтары) үшін «халықтық ІРО» бағдарламасы аясында жұмсартылып, жойылуы мүмкін», - деді Қ. Бишімбаев.

Оның нақтылауынша, өзгертулер «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға, акционерлердің қызметін реттейтін бірқатар салалық заңдарға енгізілуі мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321