Сенбі, 23 Қараша 2024
3108 1 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 11:32

Apple мен Google коронавирус жұқтырғандарды геолокация арқылы аңдуға тыйым салады

Apple мен Google компанияларының жаңа технологиясы коронавирус жұқтырғандарды аңдуға жол бермейді. Бұл туралы Techcrunch хабарлады.

Әлемдегі смартфон нарығының шамамен 99 пайызына бақылау орнатқан екі ірі компания телефон иелерін коронавирус жұқтырған адаммен байланыс орнатқанын ескертетін технология әзірлеп жатыр. Өткен аптада технологияның алғашқы нұсқасы сынақтан өткен.

4 мамырда компаниялар мұндай технология коронавирус жұқтырғандарды геолокациямен аңдуға жол бермейтінін мәлімдеді. Осылайша олар телефон иелерінің құқығын үкіметтен де қорғауды көздеп отыр, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Коронавирусқа қатысты бірнеше мобильді қосымша әзірлеп жатқан мамандардың айтуынша, жаңа технология вирустың қалай таралып жатқаны мен эпидемия ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Науқас коронавирус жұқтырғанын телефонға өзі белгілеуі керек, сол кезде олардың телефондары вирус жұқтырған адамның кімдермен байланыста болғанын анықтай бастайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371