"Жасы 18-ден 27-ге дейінгі ер азаматтарды Қарулы күштерге, ішкі істер министрлігіне және Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметіне шұғыл әскери қызметке шақыру наурыздан тамыз айына дейін және қыркүйектен желтоқсан айына дейін жалғасады", – делінген жарлық мәтінінде.
ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізілетінін айтты.
"31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады", - деді ол.
Бастапқыда әскерге шақыруды шілде айында аяқтау жоспарланған.
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда енгізілген төтенше жағдай 11 мамырға дейін созылды.
Abai.kz