Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2379 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 22:25

Шахислам ЛАЙСХАНОВ. Мақтамызбен мақтана аламыз ба?

Мақта қайдан келген?
XVІ ғасырда ағылшынның бір саяхатшысы Үндістанда жүріп, алыстан аласалау бір өсімдіктің басында күн көзімен шағылысып ағарып тұрған бір затты көреді. Алғашқы кезде бұл үнділердің толып жатқан ырымдарының бірі шығар деп ойлап қалған саяхатшы жақындап келгенде өсімдік басында өсіп тұрған аппақ биязы түбітті көріп, таң-тамаша болады.
Еліне қайтып оралған саяхатшы көргендерін түгін қалдырмай отандастарына жырдай етіп айтып береді, бірақ сендіре алмайды.
Сонда бір тоғышар:
– Мүмкін сіз күнді қолымен ұстадым дейтін шы¬ғарсыз, – деп келемеж қылады. Бұлардың наданды¬ғына соншалықты қынжылған саяхатшы мақтаның бір гүл шанағын және одан жасалған мақтаны көрсеткенде ғана олар сенген көрінеді. Еуропалықтар алғаш мақта өсімдігімен осылайша танысады.
Қазіргі Иран, Ауғанстан мемлекеттері және Тә¬жікстан, Түркіменстан, Өзбекстан республикалары орна¬ласқан Орталық Азия жерінде ағаш тектес мақта емес, шөптесін мақта өсіріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өсіретін республикадағы бірден-бір аймақ, өйткені осында ғана мақтаны өсіру үшін қолайлы климаттық жағдайдың, суармалы жердің және су мен еңбек ресурстарының болуы егіншіліктің нәтижелілігіне алғышарт болып табылады. Өткен жүзжыл¬дық¬тың басынан бері ғана қолға алынып, егіліп келе жатқанына қарамастан мақта шаруашы¬лы¬ғы өңірдің дәстүр¬лі шаруа¬шы¬лығына айналып үлгерді.

Соңғы кездері “ақ алты¬нымыз¬дың” маңызы мен қадір-қасиеті жо¬ға¬лып бара жатқан сияқты. Облыс¬тағы мақта егіс¬тігінің көлемі де, өндіріс көлемі де, мақтаның сапасы да, тіпті егінші халықтың мақта өнді¬руге деген ықыласы да төмендеуде. “Мақта – ел байлығы” деп жүрген мақ¬ташылардың маңдай тері мен ер¬ен еңбегі ақталып жатқан жоқ. Жыл бойы егістік алқабында тынбай еңбек еткен мақташылар күз келгенде мақтаның тоннасын қабылдау пункттеріне еңбегіне татымай¬тын небәрі 50-60 мың теңгеге өткізіп келеді. Сонда уақыты мен еңбегін ысырап еткен диқан сорламай кім сорласын? Ста¬тис¬тикаға сүйенсек, елдегі мақта өндіру 2005 жылы 462 мың тонна, 2006 жылы 435 мың тонна, 2007 жылы 441 мың тонна құраса, 2008 жылы 312-ақ мың тоннаны құраған. Осы көр¬сеткіштен-ақ мақта шаруа¬шылығының құлдырап бара жатқанын аңғару қиын емес.
Облыстағы мақта өндіретін 15 ау¬данның ішіндегі “мақталы өлке” са¬налатын Мақтарал ауданын ерекше атап өткен жөн. Облыстағы мақта өндірісі көлемінің елеулі бөлігі осы ауданның үлесінде.
Өзім мақтаралдық болғандықтан мақта шаруашылығының дамуын тежеп отырған өзекті мәселелер мені де қатты толғандырады. Сонау Кеңес Ода¬ғы жылдары шаруашылықтың “жан¬дан¬ған” аудандары саналған осы аймақта гектарына 25-30 центнерден өнім алып отырса, қазір ол көрсеткіш 20 центнерге әрең жетеді. Оның себебін мақта өсіруге ең қажетті судың, техниканың және қаржының тапшы¬лығымен түсіндіруге болады. “Нені ексең – соны орасың” демекші, мақ¬ташылардың бағасы 90-100 мың теңге көлеміндегі сапалы тұқымдық шитке қаржысы жетпей жатады. Арзан шитті тұқымдығын еккендіктен сапасы төмен мақта алатыны айдан анық. Біздің ауданда тағы бір мәселе – су тап¬шылығы. Жаз айларында мақта алқабы мардымсыз суарылып, дұрыс жетілмей, күзде қырманымыз тарылып жатады.
Сондай-ақ бұл жетіспеушілік жер¬дің сорлануына әкеліп соғуда. Ерекше күтім мен көп қаржы салуды қажет ететіндіктен көбіне тыңайтқыш сатып алуға шаруалардың шама-шарқы жетпейді. Алуға болатын несиенің пай¬ыздық мөлшерлемесі жоғары болған¬дықтан мемлекеттен қолдау күтеді.
Мақта егетін әр елдің мақтаға байланысты бағдарламасы жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-та сапалы мақта өндіргені үшін мемлекет әр тоннасына 600 доллар сыйақы береді екен. Сондықтан да америкалық шаруалар сапалы мақта өндіруге өздері-ақ ын¬талы. Ал Израильде мүлдем бас¬¬қаша. Мемлекет бағдарламасы бойынша шаруа жеке меншік компаниямен келісім-шартқа отырады. Бұл елде мақтаның орташа өнімділігі 75 цент¬нер¬ді құрайды. Егер 60 центнерден төмен болса, мақта еккізбейтін көрінеді.
ТМД бойынша мақта өн¬діруден 4-ші орында тұрған біздің аудан үшін дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, “ақ алтынымыздың” өркендеуіне қолдау көрсетпесек бар беделіміздің төмендеуі де әбден мүмкін. Шымкентте құрылып жатқан жіп иіру, тоқыма, тігін фабрикаларының келешекте мақтаға деген базасы кеңейе түсіп, мақтаға деген қажеттілігі арта түсуі мүмкін. Сондықтан осы шаруашылық¬ты дамытуды қазіргі кезден қолға алуымыз керек.
Соңғы екі жылда мақтадан көңілі қалған диқандардың егіс¬тік алқабына күнбағыс, қауын-қарбыз, жүгері сияқты өсімдік түрлерін көптеп егу үрдісі байқалып келеді. Был¬тырғы жылы қауын-қарбыз көптеп егілуіне байланысты су тегін сатылды.
Елбасы 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдау¬¬ында: “Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабыл¬дау¬ды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет” деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай об¬лыс ауыл шаруашылығындағы түйінді мәселелерді шешуде және егістік көлемін жоспарлы реттеуде тиянақты жұмыс жасаудың қажеттілігі туған сияқты. Дегенмен, мақта өндіруге қо¬лайлы аумақтың мүмкіншілігін бірінші орынға қойған дұрыс болар деген ойдамын.

Шахислам ЛАЙСХАНОВ,  Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 4-курс студенті.
«Егемен Қазақстан» газеті 24 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510