Сенбі, 11 Қазан 2025
Билік 560 0 пікір 11 Қазан, 2025 сағат 15:03

Қазақстан индустрияландыру жолын таңдайды: экономиканың жаңа құрылымы мен өсу драйверлері қалыптасуда

Парадигманың өзгеруі: Қазақстан шикізат моделінен алыстайтын болады

Қазақстан экономикасы ұзақ жылдар бойы бірінші кезекте мұнай, газ және металл экспортымен есте қалғаны белгілі. Бірақ соңғы уақыттары шикізат монополиясының ақыры таяп келе жатқанына көз жетті. Экономиканың өн бойында өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, логистика және дайын өнімдер экспорты барған сайын нығайып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында экономика құрылымын сапалы түрде өзгертуге және елдің орнықты ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді қалыптастыру міндетін қойған болатын. Осылайша мемлекет әртараптандыру стратегиясын жүйелі түрде ілгері қозғап келеді. Мұндағы – мақсат шикізатқа тәуелділікті азайту және азаматтардың өміріне тікелей әсері бар нақты секторды дамыту.

https://aikyn.kz/

Мұнай дәуірі өткен шақ…

Күні кеше ғана Қазақстанда дайын өнім өндірісінің өскені туралы мәлімдемелер көпшілікті күмәнмен күлдіріп, түсінбестік тудыратын-ды. «Осы жылдар бойы шикізат сатудан түскен пайдаға жап-жақсы ғана өмір сүріп келдік емес пе, жаңа, оның үстіне тиімділігі де белгісіз өсу нүктелерін іздеудің керегі қанша?» деген мысқылдар да болтын. Десе де әлемдегі геосаяси және қаржылық дағдарыстар «мұнайға бас ұрған» скептиктердің өздерін де көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Өйткені, шикізат бағасы әрдайым жоғары бола бермеді, соңғы жылдарда мүлдем болжап болмайтын оқиғалар жиілеп бара жатты.

Ал бұл уақыттарда жүзеге асырылу үстіндегі әртараптандыру жоспары өте жақсы нәтижелер көрсетуде еді. Мәселен соңғы үш жылдағы сандар реті мынадай болды:

2023 жыл – өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 22 трлн теңгені (+4%) құрап, жалпы өнеркәсіптік өндірістің 46,9%-ын қамтамасыз етті. Өсім машина жасау (+28,2%), ағаш өңдеу (+39,6%) және жеңіл өнеркәсіп (+12,2%) есебінен еселенді.

2024 жыл – өңдеу өнеркәсібінің көлемі 25,1 трлн теңгеге немесе өнеркәсіптік өндірістің 48,7%-на дейін өсіп, шикізат секторынан асып түсті (оның үлесі 44,5%-ға дейін төмендеді).

2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары – өңдеу өнеркәсібінің өсуі +6,5%-ды г/г құрады, осылайша бұл сала индустриялық дамудың басты драйверіне айналды.

Іс жүзінде Қазақстан бүгінде шикізаттық экономика өнім өндіруші секторға орын бере отырып, екінші кезекке шыққан кезеңді бастан өткеруде деуге болады.

Ресурстардан нәтижеге дейін: дайын өнім экспортының өсуі

Құрылымдағы өзгерістер сауда балансында да байқалады. Мәселен, 2024 жылы шикізаттық емес экспорт 11,9%-ға өсіп, 28,8 млрд долларға жетті, ал шикізаттық емес тауарлардың жалпы айналымы 84,6 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға артық.

Күрделі жабдықтардың экспорты да ерекше өсім көрсетіп отыр. Ол 2019 жылғы 300 млн доллардан 2024 жылы 2,1 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл санаттың экспорт құрылымындағы үлесі 1,9%-дан 7,4%-ға дейін артты. Өңделген тауарлардың жалпы экспорты 2024 жылы 23,3 млрд долларға жетіп, 10,2%-ға көбейді.

Осылайша, Қазақстан бірте-бірте шикізат экспорттаушыдан дайын және жартылай дайын өнімдерді экспорттаушыға айналып келеді.

Көбейтудің әсері: индустрияландыру өсім тізбегін тудырып отыр

Өңдеу өнеркәсібі мен дайын өнім экспортының өсуі және оған көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың нәтижесі индустрияландырудың жаңа кезеңін қалыптастырып отыр. Мұндағы мультипликативтік әсер инвестициялардың әрбір теңгесін экономикалық дамудағы бірнеше теңгеге, ал макроэкономикалық цифрларды азаматтардың өмір сүру сапасы нақты жақсарғанының көрінісіне айналдыруда.

Мәселен, «тарифтерді инвестицияларға айырбастау» қағидаты бойынша энергетика мен ТКШ-ға салынған инвестициялар кабельдерге, құбырларға, арматура мен құрылыс материалдарына сұраныс туғызды. 2024 жылы құрылыс материалдарының өндірісі 1,4 трлн теңгеге (+6,4%) жетті, 2025 жылдың бірінші тоқсанында металл емес минералды өнімдер көлемі 293,9 млрд теңгені (+17,1% г/г) құрады. Ал 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында +5,3% өсім көрсетіп, 1 трлн теңге болды.

Машина жасау секторы бүгінде әртараптандырудың басты бенефициарларының бірі болып отыр. 2024 жылы бұл саланың ауқымы 4,8 трлн теңгеден асты, ол дегеніміз өңдеу өнеркәсібінің 19,3%-ы. Ал соңғы бес жылда сектор 2 еседен астам үлғайды (2024 жылы 2019 жылмен салыстырғанда жалпы қосылған құнның (ЖҚҚ) номиналды өсімі 2,1 есеге, нақты өсім 25,3%-ға өсті). Бүгінде бұл сектор индустрияландырудың локомотивіне айналуда.

Қостанайдағы автомобиль құрастыру кәсіпорындары, Шығыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы зауыттары, одан өзге де электр тауарларын шығаратын жаңа өндіріс орындары – бұлардың барлығы жай ғана ірі жобалар емес, әрқайсысы зауыттардың өз ішінде жүздеген жұмыс орындарын және бүкіл жеткізу тізбегінде мыңдаған жұмыс орындарын құратын компаниялар. Бұл тізбекте металлургтерден бастап кабельдік зауыттардағы, электронды жинақтар шығаратын фабрикалардағы, логистика мен сервистегі мамандар бар. Дәл осы жерде мультипликатор қағидаты айқын көрінеді: машина жасауға жұмсалған 1 теңге инвестиция аралас салаларда 3-4 теңге айналым жасайды.

Шын мәнінде, машина жасау дегеніміз, бұл – «мультипликаторлар тізбегі». Мәселен, трактор шығаратын жаңа зауыт өз ішінде 500 жұмыс орнын құрып қана қоймай, сонымен қатар металлургтерге, кабель өндірушілеріне, электроникаға, жағармай материалдарына, логистерге және қызмет көрсету компанияларына тапсырыс жасайды. Нәтижесінде, аралас салалар зауыттың өзіне қарағанда қосымша 3-4 есе көп жұмыс орыны мен айналымға ие бола алады.

Осыған ұқсас логиканы агроөнеркәсіптік кешеннен де көруге болады. Ауыл шаруашылығын қолдау және қайта өңдеу комбинаттарын іске қосу фермерлердің өнімдерін сатуға кепілдік береді, логистика мен сақтауға деген сұранысты қалыптастырады, қайта өңдеушілер мен сауда желілеріне жұмыс береді, елдің азық-түлік тәуелсіздігін арттырады. Дайын өнімдер экспортын кеңейту есебінен Қазақстан өз ішінде бәсекелестік орта қалыптастырады, бұл ішкі нарықта бағаны ұстап тұруға көмектеседі.

Цифрлардан адамдарға дейін: экономикалық реформалар күнделікті өмірімізде қалай көрініс табуда

Макроэкономикалық өзгерістер нақты өмірде де көрініс табуда. Тек 2023-2024 жылдары ғана өнеркәсіп пен аралас секторларда 40 мыңнан астам жаңа орны құрылған. Өңдеу өнеркәсібіндегі орташа еңбекақы 2024 жылы 477,9 мың теңгені құрады, бұл жалпы ел бойынша орташа жалақыдан үштен біріне жоғары.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторында 5 мың шақырымнан астам жылу және су құбыры желілері жаңартылды, апаттылық деңгейі 30-35%-ға төмендеді. Мұны жылу мен суды ажырату оқиғалары тыйылғаннан-ақ, адамдар тікелей сезініп отыр.

Бұл өзгерістер еліміздің барлық өңірлерінде болып жатқанын атап өту маңызды. Мысалы, Қарағанды жаңа зауыттардың арқасында екі жыл ішінде Жалпы өңірлік өнімге (ЖӨӨ) шамамен 12% қосты. Қостанай автомобиль құрастыру кәсіпорындарының арқасында мамандарды өңірде ұстап қала алды. Батыс Қазақстанда мұнай-химия саласында мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Кеше ғана «қағаздағы стратегия» боп саналған дүниелер бүгінде еңбекақы мен қызмет сапасында және тұрақты жұмыс орыны боп сезіліп отыр.

Нақты экономика тек статистика ғана емес, адамдардың өміріндегі көзге көрінетін өзгерістерге де айналып келеді. Бұл дегеніміз – жаңа жұмыс орындары, жоғары еңбекақы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық апаттарының азаюы, энергиямен қамтудың тұрақтылығы, қолжетімді өнім бағасы және аймақтық экономиканың өсімі.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 823
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9903