Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6898 0 пікір 31 Қазан, 2011 сағат 06:26

Суыт хабар: Атыраудағы жарылыстар (фото)

Суреттер "Ақ жайық" газетінің azh.kz сайтынан алынды

Атыраудағы жарылыс орын алған тұрғын үй қаланың "Сарыарқа" ықшамауданында орналасқан екен. Жарылысты белгісіз жанкештінің жасағаны белгілі болды. "Оның дене мүшелері әр жерде шашылып жатыр", деп Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып, "Тенгиринюс" осындай ақпарат таратты. Облыстағы жағдайдан алдағы уақытта хабардар етіп отыратын боламыз.

Атыраудың орталығында үш бірдей жарылыс болды деген суыт хабар ел ішіне тарап жатыр. «Қазақпарат» таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең облыстық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы бес қабатты тұрғын үйде жойқын жарылыс болған. Пәтерлердің әйнегі ұшып, терезесі сынған.  Оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары мен облыс басшылығы қандай да бір ресми ақпарат бере қойған жоқ. Сонымен қатар, облыстық әкімдік пен «Қазақтелеком» жанында таңғы сағат 9:30-да жарылыс болды деп хабарлайды «ҚазТАГ» ақпарат агенттігі. «ҚазТАГ» таратқан бұл ақпаратқа қосымша ретінде жаңа ғана редакциямызға хабараласқан Атырау қаласы  тұрғынының сөзіне қарағанда, облыстық әкімдік маңындағы қоқыс жәшігінде кішігірім жарылыс болған, сондай-ақ екі жеңіл көлік өртеніп кеткен көрінеді. Соңғы кезде суыт хабарлар легі толастар емес. Оңтүстікте құрбандыққа адам шаламыз деушілер пайда болса, батыс жарылыстан көз ашар емес. Осыдан соң Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетіндегілер ай қарап отыр ма деген ой келеді. Әзірге ресми орындар елді кезіп жүрген суыт хабарларға байланысты мәлімдеме жасамады.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2389
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 630
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 606