Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
2784 1 пікір 9 Мамыр, 2020 сағат 16:04

ДДСҰ карантинді жеңілдетіп жатқан бірқатар елдерді абай болуға шақырады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) карантин шараларын жеңілдетіп жатқан елдерді коронавирус без таралып, пандемияның екінші толқыны басталып кетуі мүмкін деп, барынша абай болуға шақырады.

8 мамырдағы мәлімет бойынша, әлемде кемінде 3,8 миллион адам COVID-19 вирусын жұқтырып, 270 мың адам көз жұмған.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "елде індеттен 30 мың адам қайтыс болды, құрбандар санынан АҚШ-тан кейін екінші орында тұрмыз" деп мәлімдеді. Алайда ол вирус жұқтырған жаңа оқиғалар тіркелмесе, келесі аптадан бастап карантин шараларын жеңілдетуге кірісетінін жеткізді.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 1,2 миллион адамға жетті. 73 мыңы көз жұмды. Ел президенті Дональд Трамп пандемияны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Перл-Харборға шабуылдан да, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіден де "сорақы шабуыл" болды деп атады.

Трамп пандемияның таралуына Қытайды тағы айыптады. Ол Бейжің вирустың кең таралуына жол бермеуі тиіс еді деді. Қазір Құрама Штаттардың тең жартысы карантин шараларын жеңілдетуді талап етіп жатыр.

Қытай үкіметі елінде вирустың кең таралу қауіпі төмендегенін мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, соңғы үш аптада Қытайда COVID-19 вирусынан қаза болғандар тіркелмеген. Бірақ сарапшылар Қытай шын мәліметті жасырып отыруы мүмкін деген күдігін жасырмайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217