Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 9 Қыркүйек, 2011 сағат 06:42

Алтайдың жәрмеңкесі Астана жұртын таң-тамаша етті

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген Астанадағы Шығыс Қазақстанның мәдени күндері елордалықтарға естен кетпес ерекше мереке сыйлады. Есілді ен жайлаған қалың қауым бұл күндерді әлі талайға дейін ауыздарынан тастамай айтып жүретін болады. Қашан да тың бастамалар мен соны идеялардың қайнар көзі болған Шығыс өңірі бұл жолы да биіктен көрінді.

Азаттық алған 20 жылда аймағы-мызда қол жеткізген жетістіктер мен атқарылған ауқымды шаруалар жетіп артылады. Осы игі істердің барысын жұртшылыққа кеңірек таныстырып, барымызды жарқыратып көрсетуде өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері көрме-жәрмеңкесінің алатын орны ерек. Мұны біз екі күн бойы Елорда төрін қызу дүбірге бөлеген жәрмеңке тойынан анық аңғардық.

Астана қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңға қаз-қатар тігілген әсем шатырлар алыстан көзге шалынады. Шатырларға қарама-қарсы бетте көз жауын алар көркем дүниелерін жайып салған «Шеберлер қаласы» бой көтеріпті. Осы екеуінің дәл ортасында аршыған жұмыртқадай болып сырты әдемі оюлармен әдіптелген қазақтың алты қанат ақшаңқан үш бірдей киіз үйі орналасқан. Әрқайсысы алаңға өзінше сән беріп, бір-бірімен тамаша үйлесім тауып тұр.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген Астанадағы Шығыс Қазақстанның мәдени күндері елордалықтарға естен кетпес ерекше мереке сыйлады. Есілді ен жайлаған қалың қауым бұл күндерді әлі талайға дейін ауыздарынан тастамай айтып жүретін болады. Қашан да тың бастамалар мен соны идеялардың қайнар көзі болған Шығыс өңірі бұл жолы да биіктен көрінді.

Азаттық алған 20 жылда аймағы-мызда қол жеткізген жетістіктер мен атқарылған ауқымды шаруалар жетіп артылады. Осы игі істердің барысын жұртшылыққа кеңірек таныстырып, барымызды жарқыратып көрсетуде өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері көрме-жәрмеңкесінің алатын орны ерек. Мұны біз екі күн бойы Елорда төрін қызу дүбірге бөлеген жәрмеңке тойынан анық аңғардық.

Астана қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңға қаз-қатар тігілген әсем шатырлар алыстан көзге шалынады. Шатырларға қарама-қарсы бетте көз жауын алар көркем дүниелерін жайып салған «Шеберлер қаласы» бой көтеріпті. Осы екеуінің дәл ортасында аршыған жұмыртқадай болып сырты әдемі оюлармен әдіптелген қазақтың алты қанат ақшаңқан үш бірдей киіз үйі орналасқан. Әрқайсысы алаңға өзінше сән беріп, бір-бірімен тамаша үйлесім тауып тұр.

Қала тұрғындары мен қонақтары мұнда құлқын сәріден ағылып келіп жатыр. Оның да себебі бар, жәрмеңкедегі тауарлардың құны астаналық базарлар мен сауда орындарындағы бағадан әлдеқайда төмен әрі сапалы. Мәселен, Астанада ірі қара мал етінің бір келісі 1500-1700 теңгенің үстінде тұрса, жәрмеңкеде бұл көрсеткіш 900 теңгеден аспайды. Сол сияқты көкөністер мен бақша жемістері, сүт және сүт өнімдері, өсімдік майларының құны да қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей тиімді. Алаңға асыққан халайық шатырларға жете салысымен Шығыстың брендіне айналған Катонқарағайдың балы мен марал мүйізінің қанынан әзірленетін пантысын, Зайсанның балығын, Шыңғыстаудың қымызын, Өскеменнің тауық еті мен сүтін, Тарбағатайдың ірі қара малының етін пышақ үстінен талап әкетуге кірісті. Бәрінің айтатыны мұндай арзан азық-түлік тауарлары бұрын-соңды Астанада сатылмаған. Мүмкіндік туып тұрғанда барынша қамтып қалу керек.

- Жәрмеңке өте ұнады маған. Сөз жоқ, керемет ұйымдастырылған. Әсіресе бағаның мұнша төмен болуы бәрімізді қуантты. Сиыр етін біз осындағы базардан мың жарым теңгеден алып жүрсек, мұнда 900 теңгеден семіз еттер толып тұр. Таңдағаныңды аласың. Қарақұмықтың келісі бізде 700-800 теңгеге сатылса, жәрмеңкеде 250 теңгеден алып, қарық болдық. Үйге біразға дейін азық-түлік қорын жинап алдым. Енді қазір бал сатып алсам деп тұрмын. Шығыстың балын бұрыннан білемін. Талай рет дәмін татып, шипалық қасиетін сезінген жанның бірімін. Жалпы, осындай жәрмеңкелер жиі өткізілсе, қарапайым халыққа үлкен көмек қой. Оның үстіне аймақтармен етене араласып, мәдени, рухани байланыстарымыз нығая түседі, - деп өз ойын білдірген қала тұрғыны Кәмилә Кәбепқызы азыққа лық толған екі сөмкесін екі қолына ұстап шатырларды жағалап жүріп кетті.

Глубокое ауданынан апарған «Лана-2» шаруа қожалығының көкөністері мен бақша өнімдеріне деген сұраныстың жоғары болғандығын айта кеткеніміз жөн. Ондағы сатылымға қойылған орамжапырақтың келісі 20 теңгеден, пияз - 50, қарбыз 20 теңгеден саудаланды.

Сонымен қатар жәрмеңкеде «Зайсан сулары» ЖШС-нің минералды сулары мен түрлі сусындары, Өскемен құс фабрикасының салқындатылған (тоңазытылған емес) тауық еті, «Безу-пречный» сауда белгісінің дипломын иеленген шемонайхалық «Арарат» ЖШС-нің шұжықтары, зайсандық «Ас» сауда-өндірістік бірлестігінің балығы, Катонқарағай бұғы паркінің пантысы мен емдік препараттары сияқты еліміздің өзге өңірлерінде жиі кездесе бермейтін өзіндік сапасы мен дәмі бар өнімдер молынан қойылды. Бұған қоса «Алтын дән», «Қымызмұрындық», «Сүт өзен», «Бал мен жаңғақ фестивалі», «Құс базары», «Тәттісүйер қауым» сынды түрлі шаралар жүзеге асырылды.

Панты демекші, Катонның пантысы мен балы Алтайда ғана емес Арқа жерінде де әйгілі екен. Басқа аймақтардың балымен салыстырғанда бағасы сәл жоғарылау болғанына қарамастан келісін 1500 теңгеден ойланбастан талап әкетуде.

- Катонқарағайдың балына ешбір жердікі жетпейді. Дәмділігін айтпағанда, сан мыңдаған шөптердің нәрінен жиналған шипалық қасиеті тіптен бөлек. Мен мұнда балдың «Тамыз шөптері», «Акация», «Доник» сынды бірнеше түрін әкелдім. Тәттіні сүйетіндер үшін «Акациядан» асқан бал жоқ, ал «Дониктің» шипалық қасиеті күшті. Жалпы біздің балдар экологиялық табиғи таза ғой. Таңертеңнен бері екі-үш сағаттың ішінде біраз өнім сатылып кетті. Отыз келіден жоғары алатындарға жеңілдік жасап, келісін 1200 теңгеден сатамыз, - деп түсіндірді иін тіріскен сатып алушылардан қолы қалт ете қалғанда катонқарағайлық Евгения Ножкина.

Алаңдағы жәрмеңкенің көрігін «Шеберлер қаласында» шеру тартқан хас шеберлердің туындылары қыздыра түсті. Киізден жасалған қуыршақтар, қыштан дайындалған ыдыс-аяқтар, жүннен тоқылған қазақтың ұлттық киімдері мен оюлы сырмағы, текеметі, алашасы, көрпе-жастығы, осының барлығы да қолдан шыққан шынайы дүниелер. Ағаштан қашалып жасалған бұйымдар, қайыстан өрілген ат әбзелдері, қыздардың әшекей заттары да қажырлы еңбектің жемісі. Әсіресе көрме аралаушыларды қызықтырған он жылдан бері осы салада аянбай тер төгіп келе жатқан семейлік «Айша бибі» қоғамдық бірлестігінің мамандары әзірлеген киіз сырмақ, тұскиіз, қоржын, ұлттық киімдер, кілемше және басқалары болды. Бірлестік төрайымы Рауза Исенованың айтуынша, көрмеге ұсынылған заттардың барлығы ешқандай қоспасыз қолдан жасалған құндылықтар.

Өскемендік шебер, суретші Ерболат Ахаевтың қолынан шыққан ұлттық аспаптар да көздің жауын алады. Тамашалаушы жамағаттың арасынан Ерболат жасаған домбыраларды сатып алуға иниеттілер де көптеп табылды. Бағалары да қымбат емес, 8-13 мың теңге. Дегенмен Африкадан тапсырыспен алдырған қызыл, қара ағаштардан жасалған 600 долларлық домбыраны да көрдік.

- Мұның бағасы қымбат деп айта алмаймын, өйткені оған жұмсалған ағаштың өзі Африкадан біршама сомаға алынған. Музыкадан хабары бар адамдардың оған бірден көзі түседі. Ешбір жерінен мін таба алмайды. Осындай домбыраның бірін Елбасыға Өскеменге келгенде сыйға тартқанмын. Сатып алушылардың ешқайсысы әлі күнге дейін өкпелерін айтқан жоқ, керісінше мақтап жатады, - деді Ерболат Ахаев.

Бір айта кететіні, мұндағы шеберлер өз өнімдерін көрмеге қойып, саудалаумен қатар келушілерге шеберханаларына шақырып, кәсіптерінің қыр-сырына үйретті. Қала тұрғындары мен меймандары өз қолдарымен неше түрлі бұйымдар жасап көріп, қалаған дүниелерін естелік ретінде алды. Ал өңіріміздің жас суретшілері Астананың әсем суретін қағаз бетіне түсірді. Мұның сыртында орталық алаңдағы мерекенің сәнін кіргізген театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар тағы бар.

Астананың қалалық алаңындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмекесі келесі күні, яғни қыркүйектің 9-шы жұлдызында өз жалғасын тапты. Жәрмеңкеде үш мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған адамдар арасында ұтыс ойыны ойнатылды. Нарық бағасынан екі-үш есе арзанға азық-түлік сатып алып қана қоймай, тұрғындарға енді темір тұлпар ұтып алу мүмкіндігі туды. «Азия-Авто» компаниясы ұтысқа тіккен Өскеменде құрастырылатын «Шевроле» маркалы жеңіл автокөліктің иесі атану бақыты астаналық Бақытбек Мырзағалиев есімді жас жігітке бұйырды.

- Шынымды айтсам сенбей тұрмын. Мәшине ұтамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Лотерея билетін алып, ойынға қатысып көрмек болып едім, мінеки бағым жанып кетті. Қатардағы біз сияқты адамдардың мәшинелі болуына мүмкіндік берген, осындай ұтысты ұйымдастырған басшыларға ризашылығым шексіз. Өзімізде шығарылатын судай жаңа темір тұлпарды мініп жүргенге не жетсін, - деп қуанышын жасыра алмаған Бақытбек көлігінің рөліне отырып, жүріп кетті.

Ұтыс ойынында бұдан бөлек тоңазытқыштар, қысқа толқынды пештер мен қалта телефондары, басқа да заттар ойналып, өз иелерін тапты.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында тамылжығын тәтті ән мен күмбірлі күйді төгілткен концерттік бағдарлама, жастардың белсенділігін сынға салған «Арулар байқауы», «Айқайшылар байқауы», кішкентай балалардың би сайысы сияқты түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, жұртшылықтың көңілін көтерді.

Ауыл шаруашылық өнімдері көрме-жәрмеңкесінің екінші күнінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов келді. Шатырларды аралап көріп, сатушылармен тілдескен лауазымды тұлғалар Шығыс Қазақстанның айтулы шараға дайындығын жоғары бағалады.

- Еліміздің бас қаласы Астанада
үлкен мереке. Тәуелсіздіктің 20 жыл-дығына арнап үш бірдей облыс өздері-нің мәдени күндерін өткізуде. Мұнда
тек мәдени шаралармен ғана шектел-мей, тамаша жәрмеңкелер де ұйым-дастырылған. Осының бәрі еліміз-
дің береке-бірлігін, әр аймақтың әл-ауқатын, экономикалық қуаттылығын паш етеді.

Бүгінгі жәрмеңкелерге келсек, үш облысты бөле-жарып қарауға келмейді. Дей тұрғанмен де Шығыс Қазақстанның дайындығы бәрінен де озып шықты. Жәрмеңкелердің ауқымдылығы жағы-нан да, мәдени шаралардың өткізілуі тұрғысынан алып қарасақ та деңгейі биік тұрды. Бұл бір күннің емес, бірнеше ай бойы жүргізілген дайындықтың нәтижесі, - деп өз ойын ортаға салған Иманғали Тасмағамбетов облысты осындай жетістікке жеткізген аймақ басшысына алғысын білдірді.

Бұл пікірді Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев та қуаттады. Сатылымға түскен сан алуан тауарларға деген сұраныстың аса жоғары екендігіне көз жеткізген ла-уазым иелері шатырлардың алдында
ұзын сонар кезекте тұрған астаналық-тармен тілдесудің де ретін тапты. Алаң-дағы «Шеберлер қаласын» да аралап шықты. Бір айта кетерлігі, музыкаға жақындығы бар Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов көрмені аралау кезінде өскемендік Ерболат Ахаев жасаған домбыралардың бірін тартып көріп, бірден шебердің жұмысына оң бағасын берді. Ал келген қонақты құр қол жіберу қазақы дәстүрде жоқ екендігін жақсы білетін аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ ол домбыраны өз ақшасына сатып алып, қала әкіміне естелік ретінде сыйға тартты.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан-нан Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне барлығы 500 тоннадай өнім әкелінген. Соның ішінде балдың өзі ғана 20 тоннаға жуық. Бұған қоса Өскемен және Семей қалаларындағы ірі кәсіпорындарда құрастырылып шығарылатын жеңіл көліктер, автобустар мен тракторлар да алаңда тізіліп тұрды. Ал қатар тігілген үш киіз үйдің бірінде жетім балалар мен қарияларға арналып дастарқан жайылды.

Серік Әбілхан, арнайы «Абай.кз» ақпараттық порталы үшін берілді.

Астана қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502