Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2998 3 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 15:17

Медицина саласына реформа қажет!

Айттың алғашқы күні біздің әулет үшін сынағымен келді. Әулетіміздің тірегі, асқар тауымыз әкем қатты ауырып, бір қорқытып алды.

Рамазан айы біте салысымен қан қысымы 200/150 болып ұшып түсіпті. Бірнеше рет шақырылған жедел-жәрдеммен ауруханаға жатқыза алмай (ол бөлек хикая), үшінші күні жағдайы күрт нашарлаған соң, әрең дегенде ауруханаға жатқыздық.

"Ауруханаға жату жорығының" ұзаққа созылуына - халық арасындағы медицина саласына деген сенімнің құқық қорғау саласына секілді түгесілгендігі әсер еткендігін несіне жасырайын. Түрлі мессенджерлердегі "Коронавирустың жоқтығы" туралы, немесе басқа аурумен ауырып түскендердің "ковид" болып қайтыс болып жатқандығы туралы ақпараттарға "тойып алған" бұқара үшін (ішінде жақындарым да бар) - "ақ халатты абзал жан" образы романтикалық кейіпкерге айналып кетіпті.

Бұған әр түрлі факторлар әсер етсе керек.
Солардың кейбірін сараптай отырып, медицина саласына үлкен реформа керек екендігіне кезекті рет көз жеткізіп отырмын.

1. Елімізде әлі күнге дейін аурухана, ондағы жатын орын саны жетіспейді. Соның нәтижесінде дәрігерлер көптеген ауруларды ауруханаға жатқызудан бас тартып, үй жағдайында емделуге жіберуге мәжбүр. Сауда ойын-сауық орталықтарын салуды субсидиялаудан алдына жан салмайтын біздің ел үшін приоритетті қайта қарастыру қажет секілді.
2. Дәрігерлердің біліктілігі мәселесі. Көптеген мәселелерде дәрігерлердің біліктілігі күмән тудыратын жайттарға куә болып жатырмыз.
3. Білікті дәрігерлердің жалақысы мәселесі. АҚШ, Еуропа елдерінде дәулетті өмір сүретін мамандық иелерінің бірі - дәрігерлер. Бізге де ойланарлық мәселе.
4. Дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу мәселесі. Осы саладағы монополияның әсері ма екен, дәріханада бар дәрі-дәрмек сапасы анау айтқандай емес. Нәтижесінде, науқас пен оның жақындары сапалы дәріні қосымша сатып алуға мәжбүр.

Ал, сіздер медицина саласына қандай өзгеріс керек деп ойлайсыздар? Ой қоса отырыңыздар!

P.S. Айтпақшы, Құдайға шүкір, қазір әкемнің жағдайы жаман емес. Тек кемпірін іздеп елегзігені болмаса, бірқалыпты емін алып жатыр...

Нұраддин Садықовтың желідегі жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321