Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2485 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 04:58

Өзбекстанда тұтқындалған қазақстандықтар жақын күндері отанына депортацияланады – ҚР СІМ

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Өзбекстанда тұтқындалған қазақстандықтар жақын күндері отанына депортацияланады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров.

«Сот оларды депортациялау үшін босату туралы шешім қабылдады. Қазір олар Өзбекстанның бір қаласында тиісті құжаттарды толтырып, виза алумен жүр. Және бүгін-ертеңдері депортацияланады», - деп айтты ол бейсенбі күні ҚазТАГ агенттігінің тілшісіне.                Алдын хабарланғандай, өзбектердің Нүкіс қаласында 27 қазақстандықтың үстінен сот ісі болып өтті. 26 ақпанда Өзбекстан құқық қорғау органдарымен Шалкар ауданының Бозой кенті мен «Құланды» шекара заставасын айналып, Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекарасынан өткен автоколонна ұсталған. Топ өзбекстандық металлолом ұрламақшы болған, бірақ қолға түсіп Қарақалпақ Республикасының Нүкіс қаласына жеткізілген. Барлық азаматтар Ақтөбе облысының тұрғындары.  

Олардың барлығына бірден мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмстық іс ашылды.

Кейінірек Ақтөбеде Өзбекстан территориясынан құбыр ұрлауға тапсырыс берген екі азамат ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 209 бабының 3-ші тармағымен - «экономикалық контрабанда» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1801
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3626