Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2533 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 05:07

Бірлігі бекем берекелі елміз

Астанада сәуірдің 18-інде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына қатысқан шығысқазақстандық делегация да тың ой арқалап қайтқан-ды. Бүгін делегаттардың бірқатарына сөз беріп отырмыз.

Лео ШИК, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Шемонайха ауданының Құрметті азаматы:

Астанада сәуірдің 18-інде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына қатысқан шығысқазақстандық делегация да тың ой арқалап қайтқан-ды. Бүгін делегаттардың бірқатарына сөз беріп отырмыз.

Лео ШИК, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Шемонайха ауданының Құрметті азаматы:

- Қазақстан халқы Ассам-блеясының XVII сессиясында Елбасымыз берекелі болаша-ғымызды бекем бірлікпен байланыстырды. Конституциялық мәртебе алған Ассамблеяның қызмет шеңбері кеңи түсетінін айтты. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ министрлер және әртүрлі агенттіктер басшыларымен, облыс әкімдерімен болған мәжілісте әр салаға қатысты нақты іс-шараларды айқындап, оның орындалу уақытына дейін белгілеп берді. Осыдан соң Ассамблеяның мүшелеріне де өзекті алты тапсырма жүктелді. Бүгінгі таңда бүкіл қазақстандықтардың инновациялық индустриаландыру мен жаңғырту идеясының маңайына топтасқаны белгілі. Елбасы этномәдени орталықтардың да осы бастамадан шет қалмауларын, болашағымыздың іргесін қалауға атсалысуларын өтінді. Ассамблеяның жұмысын жандандыру барысында этносаралық және конфес-
сияаралық қарым-қатынастардың аспектілерін зерт-
тейтін қуатты орталық құру қажеттігін ескертті. Мәдени-ақпараттық сала арқылы толеранттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жандандыруға баса көңіл бөлуге шақырды. Бұл тұрғыда Ассамблеяның өз веб-сайтын жетілдіріп, өз газетін шығаратын уақыттың жеткеніне тоқталды.

 

Татьяна КАГЕРМАНОВА, облыстық шешендер мен ингуштер қауымдастығының төрайымы:

- Қазақстан халқы Ассам-блеясының XVII сессиясында Елбасымыз Нұрсұлтан
НАЗАРБАЕВ ұлтаралық қаты-насты одан әрі кемелдендірудің, Ассамблеяның қоғамдағы рөлін жетілдіре түсудің жаңа жолдарын айқындап берді. Осы орайда қазақ тілін барлық этнос өкілдері бір-бірімен өзара қарым-қатынас құралы, тұрақтылығымыздың кепілі ретінде меңгеруі жөнінде баса айтылды. Елімізді мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тарихымызды таразылап, дәстүріміз бен мәдениетіміздің тереңіне бойлауға мүмкіндік береді. Біз өз тарапымыздан мемлекеттік тілді оқытудың тың жобаларын жасап, бүкілхалықтық бірлік мерекесі - 1-мамырды жаңаша түрде тойлауды ұйымдастырсақ деп отырмыз. Елбасымыздың саяси көрегендігінің нәтижесінде қол жеткізген ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың бірегей үлгісін бүгінде әлемнің 56 мемлекеті зерттеп, өз жұмыстарында басшылыққа алуға ниет білдіріп отыр.

 

Карен НАРИМОНЯН, «Арарат» армян мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

- Қазақстан халқы Ассам-блеясының биылғы сессиясы
жаңа леппен, ерекше көңілкүймен өткенін атап айтқым келеді. Елбасының Ассамблеяның алдына қойған алты тапсырмасы - өте мәнді. Солардың бірі - ұлтаралық бірлігімізді бұрынғыдан да бекіте түсу. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ экономикалық және әлеуметтік салаларда инновациялық тың ше-шімдер қабылдау қажеттігін алға тартты. Мысалы, Ассамблея мүшелеріне мектеп жасына дейінгі бал-ғындарды оқытып-тәрбиелеу бағдарламаларына өз ұсыныстарын енгізу, тарих оқулықтарында толеранттықтың, қазақстандық ұлыстардың дос-тығының шынайылықпен көрсетілуіне сараптама жасау сияқты тілектер айтылды. Мен өзім оқытушы болғандықтан қазақ тілін оқытуда да инновациялық әдістемелерді кеңінен қолданып, жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарайтын мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету қажет деп санаймын. Бүгінде немеремнің Қазақстанның Әнұранын қазақ тілінде шырқағанын естігенде жүрегімді мақтаныш сезімі кернейді. Қазақ жеріне осыдан қырық бес жыл бұрын әйелім және екі баламмен келген едім. Ол кезде күш-жігерім тасып тұрғанымен бүгінгідей тәжірибем болған жоқ. Енді бүгін осы жиған-терген тәжірибемді ұлтаралық келісімді нығайта түсуге, ел іргесінің тыныштығын сақтауға жұмсағым келеді.

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір