Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2631 0 пікір 25 Маусым, 2011 сағат 05:18

Туысқандық СЕЗІМДІ ҰЯЛАТА білдік

Балабақша мен мектептен татулық пен бірліктің, ізгіліктің асыл қасиеттерін бойларына сіңірген ұрпақ қана іргесі берік мемлекетіміздің асыл армандары мен биік мақсаттарын орындай алатын, ертеңгі елдің кемеңгер иегерлері бола алады. Осы міндеттерді мектеп қабырғасында жүйелеу мақсатында Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектепте былтыр күзден бастап мектеп оқушыларының «Шаңырақ» атты достық клубы құрылып, жұмыс істеуде. Клубтың мақсаты - қаламыздағы татулықты, береке-бірлікті дәріптеу, ынтымақ пен ізгілікті, өзара түсіну мен бірін-бірі құрметтеуді насихаттау.

Клубтың 7 үйірмесі осы мақсат жолында жұмыс істейді. Оларға 200-ден астам оқушы тартылған. «Шаңырақ» Достық үйі мен Кіші Ассамблеяның қызметкерлерімен, түрлі ұлттық орталықтармен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Клуб мүше-лері жоспарға сәйкес өз жұмысын өлкемізде өмір сүріп, елі-міздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан түрлі ұлттардың тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, өнері мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеп-үйренуден бастады. Осындай ауқымды жұмыстардың басында сынып, үйірме жетекшілері, үйірме мүшелері болып, үлкен нәтижеге қол жеткіздік. Осы шаралардың қорытындысы ретінде 15-сәуірде «Біздің күші-
міз - бірлікте» атты Достық фестивалі мектепте өз деңгейінде өтті деуге болады. Фестивальге қатысушылар мен қонақтар, оқушылар бұл шарадан өздеріне көптеген игілікті дүниелерді алғанына көз жеткіздік. Елімізде өмір сүріп жатқан ұлттардың тарихын зерттеу арқылы білімдері кеңейсе, дәстүрлері мен салттарын, мерекелерін көзбен көру арқылы еліміздің ұлттық
байлығы, оны гүлдендіріп отырған әр ұлттың мәдениеті мен өнеріне тамсана отыра, ұлттарға деген құрмет, туысқандық сезім ұялата білдік деп есептейміз. Фестивальдің жоғары деңгейде өткені Достық үйінен, ұлттық орталықтан келіп қатысқан қо-нақтардың лебізінен де байқалды. Қонақтар клуб жұмысына үлкен сәттілік тіледі. Достық клубының болашақтағы жұмысында облыстық Достық үйімен, ұлттық орталықтармен жұмысты одан әрі жалғастыру, қаладағы тұңғыш этноауыл тарихи кешенімен, алыс-жақын шет елдермен байланыс орнату жоспарланған.

Мейрамхан Масалимов,

«Шаңырақ» достық клубының

төрағасы, тарих пәнінің мұғалімі

Өскемен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434