Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5176 3 пікір 3 Маусым, 2020 сағат 15:45

Қиянат жасаған да қиналып өледі

Көкшетау өңіріндегі шағын ауылдардың бірі - Дәуқарадан бірнеше адам "халық жауы" ретінде ұсталып, атылғаны атылып, атылмағаны Итжеккенге айдалып кетті. Ол жақтан аман оралғаны жоқ...

...Кейін, арада отыз жылдай уақыт өткенде ауылдағы саусақпен санарлықтай шалдардың бірі о дүниеге аттанарында қатты қиналып, қайта-қайта шыңғырып, жан даусы шығып, жанындағы жақындары мен көңілін сұрай келген көрші-қолаңдарын шошытып өлді. Ауыл ішіндегі сыбырлап қана айтылатын әңгімені естіп жүрген шешем маған: "Ол кісі аты шулы 37-ші жылы талай ауылдасының үстінен "домалақ арыз" түсіріп, НКВД-ға ұстатып жіберген залым болған екен..." - деді. "Бұл дүниенікі о дүниеге кетпейді, біреуге қиянат жасаған жан жазасыз қалмайды деген осы", - деп түйіндеді.

Мен анамның сол сөзін өмір бойы есімнен шығармай, ешкімнің ала жібін аттамауға, еш адамға қиянат жасамауға тырыстым. Аяғымнан шалған дұшпанымды да өз орнына қойғаным болмаса, соңына түсіп, қудаламадым...

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364