Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4026 1 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 12:50

Флойд өліміне байланысты 4 полиция өкіліне айып тағылды

АҚШ-та Миннеаполисте көшеде Джордж Флойдты жерге жатқызып, желке тұсынан тізесімен 9 минутқа жуық басып тұрып, тұншықтырып өлтірген Дерек Шовинге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ Миннесот штатының бас прокуроры кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.

Шовиннің айыбы дәлелденсе, 40 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Fox News ақпаратына сәйкес, Шовиннен бөлек Флойдты ұстауға қатысқан тағы үш полиция өкілін қамауға алуға ордер берілген.

Төрт полиция өкілі қызметінен алынған.

25 мамырда Миннеаполис штатында ұсталған 46 жастағы Джордж Флойдың өлімінен кейін Американың барлық аймағында жаппай наразылық шаралар басталды. Билік тәртіпті ретке келтіру үшін Ұлттық гвардия әскерін тартты. Вашингтон мен Нью-Йорк және 40 қалаға коменданттық сағат енгізілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741