Сенбі, 23 Қараша 2024
4459 7 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 14:48

Алматыда «Ғылым Ордасының» бас директоры ұсталды

Алматыда "Ғылым Ордасы" ШЖҚ РМК бас директоры мен сол мекеменің бас экономисі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді.

"Олар тиісті шартсыз мемлекеттік үй-жайларды жалға бергені үшін азаматтардан жүйелі түрде ақшалай сыйақылар алуда күдікке ілінді. Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер өз кінәсін мойындады, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үкіметтің 2010 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен құрылды.

Бұл - ғылым, білім саласындағы интеллектуалды әлеуеттің шоғырлануы мен өзара әрекетін жүзеге асыратын көп функциялы орталық. Ғимарат Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бірегей ескерткіші саналады және мемлекеттің қорғауында.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364